«Алғыс айту күні» мейрамынатап өтті
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 01:32
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Алғыс айту күні» мейрамынатап өтті

2 Марта 2018 (20:15) | 2301 | Автор: Нурганым Имашева

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті «Алғыс айту күні» мейрамына орай салтанатты шара өткізді.

 

 

Мерекелік жиынғаДепартамент ұжымымен бірге, Қазақстан халқы ассамблеясы, Департамент жанындағы Арнайы мониторинг тобы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топ мүшелері,үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

 

«Чосон» корей этномәдени орталығының төрайымы Маденова Раиса Ивановна, армяндардың мәдени бірлестігінің төрағасы Курдоглян Айрапет Александрович, Тарас Шевченко атындағы украин халқының мәдени орталығы төрағасының орынбасары Кравченко Людмила Федоровна, «Эко Мангистау» ұйымының жетекшісі Осин Кирилл Владимирович, «КазНИПИмұнайгаз» ЖШС жетекші инженері Ешманов Киікбай Жақыпұлықұттықтау сөз сөйлеп, қазақ жеріне жаппай жер аударылған этностардың өкілдеріне қайырымдылық көрсеткен қазақ халқына, сонымен қатар, елдегі бейбіт өмір мен тыныштық үшін мемлекет басшылығына үлкен алғыстарын білдірді.

 

Тарас Шевченко атындағы украин халқының мәдени орталығы төрағасының орынбасары Людмила Кравченко 1 наурыз –  Алғыс айту күніне арналған өз өлеңі мен «Дудар-ай» халық әнін орындап жиналғандарды өнерімен тәнті етті.

 

 

Шара барысында мереке туралы «Қазақстан халқы ассамблеясы» арнайы әзірлеген бейнеролик көрсетілді.

 

Жиынның соңы шағын концертке ұласып, Мұрат Өскінбаев атындағы облыстық филормония әртістері өз өнерлерін паш етті.

 

Сонымен бірге, агенттіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шаралары туралы мәлімет беріліп, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс істеуге үндеу тасталды.

 

Департаменттің Баспасөз қызметі

 

Суретті түсіргенДепартаменттің Баспасөз қызметі

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему