Тарихи мұра жанашырларына – Алғыс!
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 15:39
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Тарихи мұра жанашырларына – Алғыс!

2 Марта 2018 (20:09) | 2338 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау мемлекеттiк тарихи-мәдени қорығы (Ақтау қаласы, 3-ші шағынаудан, 66 ғимарат),  1 наурыз –«Алғыс айту күніне» орай ұйымдастырылған «Тарихи мұра жанашырларына – Алғыс!» атты тақырыпта іс-шара өткізді.

 

 

Негізгі мақсаты, азаматтық қағидаттарына негізделген қазақстандық бірегейлікті дамыту арқылы Қазақстан халқының бірлігін нығайту, көктемнің бірінші күнінде мерекелік көңіл-күй қалыптастыру, көрісу күні, Амал мерекесі туралы мәлімет беру.

 

 

Бұл іс шараның маңызды сипаты - қатысушылардың бір-біріне алғыс айтуы, жақсы тілектер білдіруі, бұрынғы өкпе-наздарын кешіруі және т.б. «Біреуге жақсылық жаса да – ұмыт, біреудің саған жасаған жақсылығын ешқашан ұмытпа!» деген қағидамен кез келген қайырымдылық іс-әрекеттеріне және басқа да ізгі істерге Алғыс айтады. Міне, осыған орай бүгінгі іс шараға арнайы  Таимова Франгиза Қисақызы, Отыншы Көшбайұлы,Әбдірахман Қуанышбек Спанұлы, Бисенбек Нұржігітұлы құрметті қонақтары шақырылды.Алғыс айту күні – ең алдымен, еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін, біздің ортақ тарихымызды қастерлейтін, өзара көмек және қолдау көрсету күні. Сондай-ақ, осы іс шараның жақсы көңіл күйде өтуіне Маңғыстау өнер колледжінің білімгерлері Ермекбаева Аққу мен Жалғас Ырысбек ат салысып, өздерінің орындауында  жыр-термелерін тарту етті.

 

 

Маңғыстау мемлекеттiк тарихи-мәдени қорығы ұжымы- өлкенің тарихи-этнографиялық қорын жинақтау, сақтау жолында айрықша еңбек еткен алғашқы тарих жанашыры Франгиза Қисақызынаоблыстың тарихи-мәдени мұраларын қорғау-сақтау саласындағы атқарған қызметі мен өлшеусіз сіңірген еңбегі үшін, қызмет бабында қызметкерлеріне көрсеткен қамқорлығы үшін ризашылығымызды білдіріп, орасан зор алғыс айтамыз! Сондай-ақ атадан жеткен асыл мұраны жол ортада жоғалтып алмай, оны жаңғыртып, жасартып, дамытып келе жатқан, Маңғыстау өңіріндегі сәулетшілік өнердің даму тарихы туралы көптеген еңбектер жазып жүрген өлкетанушы, тарихшыОтыншы Көшбайұлы ағамызға, ел ішінде ата-бабадан келе жатқан асыл дінімізді ардақтап, дәстүр мен діннің сабақтастығын ұлықтап, жастарға имандылық иірімдерін насихаттауға ат салысып жүрген және ұлы дала халқының ұлттық құндылықтарын сақтап, дамыту мақсатында айналамызда мүжәлсіз отбасыларының, зәру мүгедектердің, жетім-жесірлердің бар екенін сезініп, оларға қол ұшын созып жүрген құрметті азаматтарҚуанышбек Спанұлы мен Бейсенбек Нұржігітұлынажасаған жақсылықтары үшін ризашылық білдіріп, Алғыс айтамыз.Кімде-кім бір игі істі бастап өзгеге үлгі болса, өзінен кейін сол істі істегеннің сауабындай сауап алады екен. Сауапты істеріңіз көп болсын дейміз!

 

 

Сонымен біздің айтпағымыз, адамдар өмірдің әрбір сәтін бағалай білуді үйрену керек және жақын адамдарымызға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін ризашылық білдіруді ұмытпау керек, тіпті Табиғат-Анаға шуағын шашқан мейірімді күні үшін, салқын самал желі, ақ жауынды жаңбыры мен ақша қары үшін Алғыс айтуымыз қажет.

 

 

Маңғыстау мемлекеттiк тарихи-мәдени қорығы бөлім меңгеруші Яриханова Айман Керліқұлқызы

Суреттерді түсірген Серік Майемеров

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему