Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа бағыт
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 22:27
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа бағыт

25 Февраля 2018 (18:37) | 3672 | Автор: Нурганым Имашева

Сыбайлас жемқорлық, негізінен, бір тараптың қызмет мүмкіндігін пайдалануы немесе екі тараптың да мүддесі орындалғандықтан жасырын жасалатын, ашылуы қиын жымысқы әрекет болып табылады.

 

 

Жалпы сыбайлас жемқорлықтың аясы кең, қарапайым адамның жұмысты жеңілдету, үрдісті жылдамдату, т.б. көмектер алу үшін пара беруі және мемлекеттік қызметтердің пара алуынан бастап, жоғары лауазымды адамдардың мемлекет қаржысын заңсыз түрде өз қалтасына түсіруіне дейін жүзеге асырылады. Осындай әрекеттердің әсерінен елімізге құрылыстар сапалы жүргізілмей, салықтар аз төленіп, жұмыс орындары азайып, жалақы төмендеп, заң мен әділдікке деген сеніміне үлкен зардабын тигізеді. Сыбайлас жемқорлықпен күресте ҚР Президентінің 1992 жылғы 17 наурыздағы «Қылмыстың ұйымдасқан түріне және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы бастапқы негіз болды. Елімізде ТМД елдердің ішінде ең алғаш «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (1998 жыл) және «Мемлекеттік қызмет туралы» (1999 жыл) заңдар  қабылданып, сыбайлас жамқорлыққа күрес жөніндегі арнайы мемлекеттік орган құрылды.

 

Елбасының 2014 жылдың 26 желтоқсандағы Жарлығымен «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясы» бекітілді. 2015 жылы қолданысқа еңгізілген жаңа Қылмыстық, Әкімшілік құқықбұзушылық кодексте қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылықтардың арасы ажыратылып, жаза тағайындауда жаңа өзгерістер орын алды.

 

 Қылмыстық кодекстің 15 тарауы «Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқықбұзушылықтар» болып өздереді. 2015 жылы 18 қарашада  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданды. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы 5 тараудан: жалпы ережелер, сыбайлас жерқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары, сыбайлас жерқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері және олардың өкілеттіктері, сыбайлас жемқорлық бұзышылықтардың салдарын жою, қорытынды ережелерден тұрады. Заңның мақсаты – қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты жою.   

 

Ақтау қаласының  №2 сотының

жетекші маманы Джантуганова Мария

 

Суреттер altaynews.kz сайтынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему