ҚР Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары маңғыстаулық кәсіподақ жетекшілерімен кездесті
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 02:25
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

ҚР Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары маңғыстаулық кәсіподақ жетекшілерімен кездесті

22 Февраля 2018 (16:21) | 1857 | Автор: Нурганым Имашева

Жуырда Маңғыстау облысының Кәсіподақ орталығындаҚР Кәсіподақтар Федерациясытөрағасының орынбасары Ерлан Бияхметұлы Саиров бастауыш кәсіподақ ұйымдарыныңжетекшілерімен кездесу өткізді.

 

 

Басқосуда Федерация төрағасының орынбасарыбастауыш кәсіподақ ұйымдарының жетекшілеріне бүгінгі кездесудің мақсаты туралы әңгімелеп өтті.

- Кәсіподақтар Федерациясы өзгеріс заманындағы кәсіподақтардың ролі, орны, олардың маңызы қандай болуы  керек деген бағытта жалпыұлттық дискуссия жасап жатыр. Осы дискуссия аясында кәсіподақтардың орны қандай болуы керек, бүгінгі таңда әлеуметтік, еңбек қатынастары мәселелерін шешу кезінде кәсіподақтар қандай әдістерді қолдануы қажет деген түрлі сұрақтар бар.

 

 

Міне осы сұрақтарға жауап беру үшін Федерация басшылығы өңірлерге шығып, әр өңірдегі бастауыш ұйымдармен, сол өңірдегі салалық Кәсіподақ басшыларымен кездесуде. Міне біздің бүгінгі кездесуіміз де осы жалпыұлттық дискуссия аясындағы кездесу болып табылады.

Кәсіподақтың мүшелері өте белсенді, олар өздерінің позициясын ашық  айтады. Кәсіподақтарды – еліміздегі демократияның мектебі деп айтуға болады. Сондықтан біздің осы сапарымыздың аясында Кәсіподақтың біраз жұмыстарының бағыты осы сапарда болған әңгіменің, осы сапарда болған дискуссияның нәтижесінде өзгеретін болады,- деп мәлімдеді ҚР Кәсіподақтар Федерациясытөрағасының орынбасары Ерлан Бияхметұлы Саиров.

 

Федерация төрағасының орынбасарыҚР Кәсіподақтар Федерациясының еліміздің аймақтарында кәсіподақтардың ролі, орны, олардың маңызы қандай болуы  керекдеген бағыттағы жалпыұлттық пікірталасты ұйымдастырып жатқаны жайлы түсіндірді. Еліміздегі кейбір әлеуметтік мәселелер, еңбек қатынастарын реттеу шараларына кәсіподақтар өз үлесін қосуда деп атап өтті. Бүгінгі таңда Республиканың Кәсіподақтар Федерациясы өз құрамына 2 млн адамды біріктіріп отырғаны туралы айтты.

 

 

Ерлан Бияхметұлының мәлімдеуінше, «Қазақстанда 20 000 – нан астам бастауыш кәсіподақ ұйымы бар. 470-тен астам Кәсіподақ ұйымы бар, оның  3-уі  республикалық, 36-сы – салалық, 20-сы – аймақтық және 470-і – локальдық болып табылады.

 

Міне осы  кәсіподақтарұйымдары арасында қандай байланыс болуы керек? Біздің байланысымыз неден басталуы керек?- деген сұрақтар. Әрине, бүгінгі басты мәселе  - осы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының ролін арттыру. Тағы бір айта кететін мәселе –Кәсіподақтардың еңбек қатынастарына араласуы. Өздеріңіз білетіндей, былтыр республикада болған кейбір еңбек дауларына кәсіподақ шамасы жеткенше араласты, олардың оң шешілуіне ықпал етуге тырысты. Елімізде еңбек дауларына қатысты жүйелі түрдегі жұмыстар қажет».

 

Кездесу барысында Маңғыстаудың бастауыш кәсіподақ ұйымдарыныңжетекшілері өздерін толғандырған мәселелерін ортаға салып, Федерация төрағасының орынбасарына сауалдарын қойып, оларға тұшымды жауаптар алды.

 

 

Ертеңгі күні дәл осындай кездесу Жаңаөзен қаласында өз жалғасын тапты. Маңғыстау облысының Кәсіподақ орталығының төрағасы Қайрат Құттыбайұлы Жанабековпен бірге мұнайшылар қаласына келген сапарында ҚР Кәсіподақтар Федерациясытөрағасының орынбасары Ерлан Бияхметұлы Саиров бастауыш кәсіподақ ұйымдарыныңжетекшілерімен кездесті.

 

Мұндағы басқосу барысында дакәсіподақтардың ролі, орны, олардың маңызы қандай болуы  керекдеген бағыттағы жалпыұлттық пікірталаста көтеріліп жатқан мәселелер талқыланды.

        

Суреттер автордыкі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему