Соттардың жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз мәжілісі өткізілді
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 18:22
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Соттардың жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз мәжілісі өткізілді

18 Февраля 2018 (23:16) | 1908 | Автор: Нурганым Имашева

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Өңірлік коммуникация қызметінің Маңғыстау облыстық филиалында «Маңғыстау облысы соттарының 2017 жылы атқарылған жұмыс қорытындысы мен алдағы мақсат-міндеттер туралы» баспасөз мәжілісі өтті.

 

 

БАҚ өкілдерімен кездесуге Маңғыстау облыстық сотының  қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ержан Қарабаев, облыстық соттың судьясы, БАҚ-пен байланысын үйлестіруші-судья  Айжан Молбаева, Мұнайлы аудандық сотының төрағасы Бауыржан Елемесов, Маңғыстау облысының мамандандырылған экономикалық сотының судьясы Рақымжан Бейсенов қатысты.

 

Алғаш сөз кезегін алған Ержан Қарабаев Елбасы тарапынан сот билігінің алдына қойылған тапсырмалардың жүзеге асуы, жыл қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстармен таныстырды.  Спикер өз сөзінде Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асанов сот жүйесінің 7 үлкен бағытын белгіліп бергенін, соттар әділдік, басшылыққа бағыныстылық пен жауапкершілік, нәтижелілік, цифрландыру жұмыстары бойынша белсенді жұмыс атқаруға кіріскендерін айта келе, қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді қараудағы сот төрелігін жүзеге асыру кезінде туындайтын мәселелер туралы  баяндама жасады.

 

 

Жалпы6 өткен жылы облыс соттарында барлығы 41302 (2016 ж. – 36945) істер мен материалдар қаралып, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 4357 іске көбейгенін тілге тиек етті.  Барлық аяқталған істің 1895 тұлғаға қатысты 1615-і қылмыстық іс,  23314-і – азаматтық және 16804-і әкімшілік істер. Облыс бойынша 203 қылмыстық іс, 1233 азаматтық және 404 әкімшілік іс медиация рәсімімен аяқталған.

 

Өз кезегінде Айжан Молбаева мемлекет басшысының биылғы Жолдауындағы негізгі міндеттерге тоқталды. Соның ішінде сот саласын цифрландыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары туралы айтып, сот ісін жүргізуде қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың тиімділігін баяндады.

 

 

Осы орайда соттар ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ете отырып, заман талабына сай реформаларды жүзеге асырып отырғаны айтылды.

 

Бауыржан Елемесов Мұнайлы ауданындық сотында қаралған істердің статистикасына тоқтала келе, кейбір қоғамның қызығушылығын тудырған істер бойынша толық мәліметтермен таныстырды.

 

Ал, Рахымжан Бейсенов экономикалық сотта жиі қаралатын істерді назарға ұсына келе, шағын және орта бизнес субъектілеріне, инвесторларға қатысты даулардың қаралу тәртібі мен олар туралы мәліметтерге тоқталды.  

 

Кездесу барысында журналистер экологиялық мәселелерге қатысты істердің қаралуы, сот арқылы өндірілген айыппұлдар және басқа да маңызды мәселелер бойынша сұрақтар қойып, тұщымды жауаптар ала алды.

 

 

Қайнар: 

Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі

        

Cуреттерді түсірген:Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему