Жастарға арналған бағдарламалардың орындалуытуралы
Курс валют в Актау
на 13/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
13 Мая, 08:57
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жастарға арналған бағдарламалардың орындалуытуралы

15 Февраля 2018 (19:02) | 2464 | Автор: Нурганым Имашева

 

Жастардың арасында жұмыссыздық деңгейін түсіру және сұранысқа ие мамандықтарды жұмыссыз жастарға ұсыну мақсатында «Жастар үйінде» арнайы ұйымдастырылған шараға орай «Ақтау қалалық жұмыспен қамту орталығы» ММ-нің басшысы Ктай Тлепиевна Құсайынова:

 

- «Ақтау қалалық халықты жұмыспен қамту орталығына» жастарды бірінші кезекте жұмысқа орналастыруға немесе қоғамдық, әлеуметтік жұмыстармен қамтуға және тегін кәсіби мамандық алуға мүмкіндіктер жасайды.

 

 

2017 жылы 7389 адам жұмыссыз ретінде тіркелді, оның ішінде жастар саны - 3324 немесе 44,9 пайыз. 

 2017 жыл басынан тұрақты жұмысқа 1039 адам орналасса, оның ішінде - 243-і жастар немесе 23,4 пайызы. 

 Жастар тәжірибесіне - 395 адам жолданды.

 Жастар тәжірибесіне ағымдағы жылы 80 476,0 мың. теңге бөлінді.

 2017 жыл басынан әлеуметтік жұмыс орнына – 161 адам жолданды, соның ішінде 53 жастар.

 Қоғамдық жұмысқа - 881 адам жолданды, соның ішінде – 602 жастар.

 

 

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының 1 бағыты «Техникалық және кәсіптік білімі (ТжКБ) бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру» бойынша 9 қаланың оқу орындарында 11 мамандық (повар, кондитер, электромонтер, слесарь, оператор электронно-вычислительных машин, Строительство и эксплуатация зданий и сооружений, швея, организация питания) бойынша 289 жастар жолданды. Барлық қатысушылар бір реттік ыстық тамақпен, стипендиямен, жол жүру ақысымен қамтамасыз етіледі.

 

Қысқа мерзімдік оқуымен 336 адам жолданды, соның ішінде 89 жастар. Негізгі жұмыссыздарды компьютерлік курсына оқыту жүргізілді, сонымен қатар тігінші, электромонтер, аспасшы, кондитер, 1С-бухгалтер, слесарь, мамандықтарына. Оқу бітіргеннен кейін 85 адам жұмысқа орналастырылды, жұмысқа орналастыру бойынша талдау жұмыстары жалғастыруда.

 

Еңбек нарығында жастардың жұмыссыздығын төмендету мақсатында 7 рет бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңке барысында 87 адам жұмысқа орналастырылды.

 

 

«Халықты жұмыспен қамту туралы» № 482 Қазақстан Республикасының Заңының 18.04.2016 жылы күшіне енуіне байланысты қоғамдық жұмыстарға қатысуға жұмыссыздардың, жазғы демалыс кезінде студенттердің, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларының құқығы бар.

 

2018 жылы да осы жұмыстар жалғастырылады. Жастар тәжірибесіне ағымдағы жылы 77 464 мың. теңге қарастырылды. Жыл басынан бері 106 адам жастар тәжірибесіне жолданды,- деп мәлімдеді.

 

Бүгін «Жастар үйінде» Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, Маңғыстау облысы жастар ресурстық орталығының «Жастарға қызмет көрсету» бөлімінің және «Ақтау қалалық жұмыспен қамту орталығының» бірлесе ұйымдастыруымен жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту мақсатында басқосу өткен болатын.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему