Маңғыстаулық өрт сөндірушілер үстел теннисінен жарысқа түсті
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 01:40
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық өрт сөндірушілер үстел теннисінен жарысқа түсті

8 Февраля 2018 (18:51) | 1834 | Автор: Нурганым Имашева

Азаматтық қорғау күні қарсаңында, Маңғыстау гарнизоны Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бөлімшелерінің арасында үстел теннисінен жарыс өткізілді. Жарыс Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Нұрғали Еркінбектің басшылығымен, «Теннис СК» ЖШС спорттық залында, барлық спорттық командалардың салтанатты сап түзуімен бастау алды.  

 

 

Үстел теннисі – бүкіл әлемге танылған ойын түрі болып табылады. Спорттың белсенді түрі, жедел әрекетті, жігерлілікті, нақты қозғалыс координациясын және өткір тактикалық шешімді қажет етеді.

 

Спорттың бұл түрі бөлімшелерде айтарлықтай әйгілі. Бұл қасиеттерді қызметкерлер өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың орын алған оқиғаны жою және адамдарды құтқару кезінде практикалық қызметте жиі қолданады.

 

 

Жарысқа облыстың 8 өрт сөндіру бөлімдерінің өрт сөндірушілері қатысты. Әрбір матчта спорттық шайқастың қызуы ерекше әсерде болғандығын айта кеткен жөн, өйткені осы жолы барлық ойыншылар күш сынасуда тең түсті. Тіпті өткен жартылай матчтан кейін де, барлық спортшылар медальдарға қол жеткізуге мүмкіндік алған соң, жеңіске үміткерді анықтау қиынға соқты. Кейбір командаларда тіпті бөлімше басшылықтары қатысқан болатын, олар әр матчтың өтуіне қызығушылықтың туындауын одан әрі өрбітті. 

 

Барлық өткізілген матчтардың қорытындысы бойынша сөзсіз Ақтау қаласы № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші-қызметкері азаматтық қорғау прапорщигі Утибаев Әбілқайыр бірінші орынға ие болды. Күміс жүлдегер болып Ақтау қаласы № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау прапорщигі Қараев Рахат танылды. Ал жүлделі үшінші орынды Құрық ауылы № 2 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші-қызметкері азаматтық қорғау аға сержанты Ағатаев Рысалы иеленді.

 

Жарыс аяқталғаннан кейін, жеңімпаздарды салтанатты марапаттау шарасы өткізілді.  

 

 

Маңғыстау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

 

Суреттерді түсірген:«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің»мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему