Бауыржан Тұяқов аймақтың жас мамандарымен кездесті
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 17:11
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Бауыржан Тұяқов аймақтың жас мамандарымен кездесті

7 Февраля 2018 (18:15) | 3749 | Автор: Нурганым Имашева

ҚР Президентінің «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Бауыржан Орынбайұлы Тұяқов аймақтың жұмысшы жастарымен, жас мамандар Кеңесінің мүшелерімен, жастар ұйымдары өкілдерімен кездесті.

 

 

Басшы  жастарға Елбасымыздың 10 қаңтарда жарияланған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауындағы жастар саясатын жүзеге асыру мәселелері, жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту туралы ойларымен бөлісті.

 

Жастар – қозғаушы күш. Жастар – елдің ер­теңі. Олардың жасампаздыққа ұмтылысы, білім шыңына өрмелеп, елге қосар үлесі – жар­қын болашақ кепілі.

 

Бүгінде мен білімді де білікті, еңбекқор да отансүйгіш, көк туымызды желбіретіп, ел мерейін асқақтатар жастармен кездесіп отырмын.

 

Біз жастар – қазіргі өзгерістерге тез бейімделе білуіміз керек, сонымен қатар жаңашылдыққа жақын бола отырып, өзіміздің салт-дәстүрімізді де ұмытпауымыз қажет. Елбасымыз жастарға үлкен сенім артып отыр, биылғы жылғы Жолдауында алдымызға біраз міндеттер қойып отыр,  – деді кездесуде Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Бауыржан Орынбайұлы.

 

 

Б.Тұяқов жастарға өз тәжірибесімен бөлісе отырып, ел дамуына үлес қосудың маңыздылығы, әрбір жастың белсенділігі арқасында қоғамның ілгерілеуі жолында атқарылар істер, қойылар міндеттер туралы әсерлі әңгімеледі.

 

Маңғыстау облысында аймақтағы кәсіпорындардың, өндіріс орындарының  жас жұмысшыларын, жас мамандарын қамтитын 29 жас мамандар кеңесі құрылған.

 

Ол Кеңестің басты мақсаты – өндіріс орындарында еңбек ететін жас жұмысшылардың басын қосып, оларды түрлі мәдени, қоғамдық іс-шараларға белсене араласуға тарту болып табылады. Бүгінде жас мамандар кеңесі өңірде белсенді жұмыс атқаруда.

 

Кездесу барысында Бауыржан Орынбайұлы жастардың тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, өз ойларымен бөлісті.

 

 

Басқосуға сонымен қатар Маңғыстау облыстық кәсіпкерлікті дамыту және сауда басқармасының өкілі Бегіндік Мағжан  қатысты. Ол биылғы жылы Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың бастамасымен  өңірде іске қосылған «НұрКапитал» бизнесті қолдау бағдарламасының бағыттары туралы жастарға түсіндірді.

 

Жастар кәсіпкерлікті бастау, өркендету туралы көкейлеріндегі сауалдарын қойып, оларға тұщымды жауаптар алды.

 

Кездесу еркін форматта, ашық әңгімелесу түрінде өтті.

 

Суреттерді түсірген Бегей Камидоллаев

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему