Маңғыстау облыстық сотының кеңейтілген жалпы кеңесінде соттардың жұмысы қорытындыланды
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 03:46
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облыстық сотының кеңейтілген жалпы кеңесінде соттардың жұмысы қорытындыланды

7 Февраля 2018 (10:33) | 1670 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облыстық сотында өткен кеңейтілген кеңес жұмысында 2017 жылғы 12 айда атқарылған соттардың жұмысы талқыланды. Кеңес жұмысына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот судьясы Шегенов Моряк Смағұлұлы, Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Аланов Жақсылық Рзабекұлы бастаған судьялар корпусы мен сот қызметкерлері қатысты.

 

 

Іс-шара барысында өңірдегі сот төрелігін сапалы атқару, заңдылықты сақтау, соттардың жұмысын одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша алқа төрағалары, арыз-шағымдар бойынша және сот әдебі жөніндегі комиссиялардың төрағалары, БАҚ-пен байланыс жұмысын үйлестіруші судья мен соттар әкімшісінің басшысы міндетін атқарушы, сондай-ақ аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары баяндама жасады.

 

 

- «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарынан нәр алған заңның үстемдігі, құқық саласы Елбасы ұсынған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдаудың қақ ортасынан көрініс тапты. Яғни, дүние жүзінің дамуын аяқтан шалып, тұралатқан жемқорлықпен күресуге, заңның үстемдігіне арналған тоғызыншы міндетте сот-құқық жүйесінің алдына ауқымды міндеттер жүктелді. Біздің басты міндетіміз - азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау деңгейін арттыра түсу, - деп атап өтті Жақсылық Аланов кіріспе сөзінде.

 

Өткен жылы облыс соттарында барлығы 41302 (2016 ж. – 36945) істер мен материалдар қаралған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 4357 іске көп.

 

Барлық аяқталған істің 1895 тұлғаға қатысты 1615-і қылмыстық іс,  23314-і – азаматтық және 16804-і әкімшілік істер.

 

 

Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрғасы Ержан Қарабаев есепті мерзімде қаралған қылмыстық істердің статистикасы туралы баяндай келе, «соттар қоғамда туындап жатқан қандай да болмасын дауларға төрелік жасаушы болғандықтан, біздің атқарып жатқан жұмыстарымыздың бағасы қабылдаған шешімдеріміз бен үкімдеріміздің сапасымен өлшенеді» деп атап өтті.

 

2017 жылдың 12 айында жергілікті соттарда барлығы 1895 адамға қатысты 1615 қылмыстық іс аяқталған (2016ж. - 2012 адамға қатысты  1738 іс). Оның ішінде 1396 адамға қатысты 1195 қылмыстық іс бойынша сот үкімі шығарылған.

 

Өткен жылы тергеу судьялары 1650 өтінішті қарап, оның 1554-ін (94%) қанағаттандырып, 7-еуін қайтарған, 25 материал бойынша жеке қаулы шығарған.

 

 

Облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсапа Примашев өңірде өткен жылмен салыстырғанда азаматтық және әкімшілік істердің саны артқанын айтып, басты көрсеткіштерге назар аударды.    

 

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2017 жылы 12 айда Маңғыстау облысының аудандық және оған теңестірілген соттарына барлығы 25461 (2016 ж. – 21464) істер мен арыздар түскен. Өткен жылмен салыстырғанда аяқталған азаматтық істер саны да артқан. Өткен жылы өңірде 23314 азаматтық іс қаралып, олардың ішінде 11 804 азаматтық іс шешім қабылдаумен аяқталған.

 

2017 жылы облыс бойынша соттарға барлығы 16829 адамға қатысты 16804 әкімшілік іс қаралған.

 

Облыс бойынша 203 қылмыстық іс, 1233 азаматтық және 404 әкімшілік іс медиация рәсімімен аяқталған.

 

Сонымен бірге жиында сот жүйесіндегі электронды сервистердің қолданысы туралы мәліметтер айтылды.

 

20-қадамда мемлекет басшысы барлық сот процестерін дыбыс-бейнетаспа құралдарына жазу міндетін жүктеген болатын. 2015 жылы өңір соттарының 98 пайызы заманауи құрылғымен жабдықталса, 2016 жылы бұл 100 пайыздық көрсеткішті құрап отыр. Яғни, облыс бойынша 41 сот мәжіліс залдары (АВФ) дыбыс-бейне жазба құрылғысымен 100 пайыз қамтылған.

 

 

- Сот төрелігін атқаруда қағазбастылықтан арылу мақсатында заманауи технологияларды қолдану арқылы барлық соттарда электронды сот ісін жүргізу жүйесі енгізілген.  Яғни, сот өндірісіне қатысушылардың істің қозғалысы туралы жедел ақпарат алып, шығарылған сот актілерімен электронды жүйе арқылы танысуына, сот процесіне қатысушылар өз істерінің қозғалысын үйлерінен шықпай-ақ, кез-келген уақытта бақылай алуына барлық мүмкіндіктер жасалды. Есепті кезеңде 25007 талап арыз, 6079 арыз, 1459 өтініш, одан өзге құжаттарды қосқанда барлығы 35988 құжат «Сот төрелігі» электронды сервисі арқылы тіркелген, - деді Соттар әкімшісінің басшысы м.а. А.Калпаков.

 

Барлық баяндамаларды тыңдап, жұмыс барысымен танысқан Моряк Шегенов сот жүйесіндегі реформаларға тоқталып, ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Жақып Асановтың соттардың алдына қойып отырған жаңа міндеттер мен тың тапсырмаларын көпшілік назарына жеткізді. Жұмыс қорытындысы бойынша Жоғарғы Сот судьясы Маңғыстау облыстық сотының жұмысына жақсы баға берді.

 

Осыдан соң облыстық сот төрағасы Жақсылық Аланов кеңес жұмысында қорытынды баяндама жасап, әріптестеріне құқық үстемдігі қағидатын қатаң сақтауға, сот төрелігінің сапасын жақсарту бойынша шаралар қабылдауға шақырып, сот істерін қарау кезінде созбалаңға салу және судьялардың әдеп  нормаларын бұзу фактісіне жол бермеуді ескертті.

 

Қайнар: 

Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі

 

Суреттерді түсіргенМаңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему