Маңғыстауда апатты жағдайда тұрған бірде-бір мектеп жоқ
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 20:59
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда апатты жағдайда тұрған бірде-бір мектеп жоқ

24 Января 2018 (18:16) | 1419 | Автор: Нурганым Имашева

Бұл туралы Маңғыстау облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Зейнеп Тастемірова мәлімдеді.

 

 

БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берген ведомство басшысы өткен жылы атқарылған жұмыстарға тоқталып қана қоймай, биылғы жоспарымен де бөлісті.

 

 Оның айтуынша, облыста жалпы білім беру бойынша 146 мектеп бар, оның ішінде – 134 мемлекеттік, 5 - жекеменшік, 7 - кешкі ауысыммен оқытады. Ал шағын жинақты мектептер саны – 12.

 

 

Өткен жылы оқушылар контингенті – 127 168 – ді құрады, ал 2016 жылы бұл көрсеткіш 119590 болатын.

 

Үш ауысыммен жұмыс жасайтын мектептер саны – 8, онда білім алып жатқан оқушылар саны 1939-ға жеткен.

 

Өңір экономикасының дамуына қажетті мамандарды дайындау мақсатында облыс әкімінің 250 гранты бөлінген.Ең бастысы Маңғыстауда апатты жағдайда тұрған бірде-бір мектеп жоқ.

 

 

3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту -93% құраған. Облыста 262 мектепке дейінгі ұйым бар, оның 40%-ы жекеменшік. Өткен жылы 26 мектепке дейінгі ұйым іске қосылса, биыл 28 балабақша пайдалануға беріледі деп күтілуде.

 

-«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен жылы алғаш рет облыстағы барлық білім беру ұйымдарында «Жасыл мектебім - жасыл мекенім» атты жобасы іске қосылды. Жоба аясында кезең-кезеңімен барлық мектептерде жылыжайлар салынып, мектеп аулаларын көгалдандыру жүріп жатыр. Аймақтың климаттық ерекшелігіне байланысты қолға алынып отырған бұл жоба меценаттар тарапынан қолдау тапты. Бұған қоса, аймақта 9 мектептің құрылысы қарқынды жүріп жатыр, - деді облыстық білім басқармасының басшысы Зейнеп Тастемірова.

 

Сонымен қатар, осы айдан бастап оқушыларға өз кәсібін ашуды үйрету мақсатында облыстың 30 мектебінде «Кәсіпкерлік негіздері» жаңа жобасы басталды. Жаңа форматтағы бұл жоба оқушымен қатар оның ата-анасын да кәсіпкерлікке үйретуге бағытталған және оқушыларды жас бизнес көшбасшы болуға тәрбиелейді.

 

 

Жаһандану заманында ақпараттық сауаттылықпен қатар, көптілді меңгеру мәселесі тұр. Осы орайда, ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан 600-ден астам мұғалім ағылшын тілі курстарынан өткен. Ал жергілікті бюджет қаржысына 300 ауыл мұғалімі ағылшын тілін меңгеруді жалғастыруда.

 

Зейнеп Тастемірова ағымдағы жылы атқарылуы тиіс жұмыс жоспарымен де бөлісті. Оның айтуынша, биыл«Білім үздігі-2018» облыс әкімінің премиясын өткізу жоспарда бар.

 

Сондай-ақ, білім беру ұйымдары ғимараттарын ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізу, материалдық-техникалық базасын нығайту, «Баршаға  арналған тегін техникалық  және кәсіптік білім» жобасын жүзеге асыру, білім беру мекемелеріндегі робототехника лабораторияларының санын арттыру, дуальді оқытуды енгізу бойынша «жол картасын» іске асыру, техникалық және кәсіптік білімберу ұйымдарында кредиттік-модульдік оқыту технологияларын кезең-кезеңімен енгізу сияқты бірқатар міндеттер тұрғанын айтты.

 

Дайындаған Кәмшат Ізбасарова,

ҚР Журналистер Одағының мүшесі

Суреттерді түсірген автор

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему