Маңғыстаулық үш дзюдошы республикалық турнирде жеңіске жетті
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 18:35
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық үш дзюдошы республикалық турнирде жеңіске жетті

23 Января 2018 (20:23) | 1966 | Автор: Нурганым Имашева

Талдықорған қаласында дзюдодан «Қысқы демалыс» күндеріне арналған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында дәстүрлі ашық республикалық турнир өтті. Жарысқа көршілес мемлекет Қырғызстан мен еліміздің барлық аймағынан жиналған 2003-2005 жылы туған 752 балуан қатысып, боз кілемнің көркін қыздырды.       

 

 

Дүбірлі додада жерлестеріміз, облыстық «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің үш бірдей шәкірті топ жарып, аймақ абыройын асқақтатты.

 

Атап айтар болсақ, 55 келі салмақта Мерей Мархамбетов алтын жүлденің иесі атанып, жеңіс тұғырына көтерілді.

 

Ал, қыздар арасында 40 келі салмақта Мерейлім Кеңесбекова екінші орынға көтеріліп, күміс медальді кеудесіне тақса, 63 келі салмақта Жансұлу Амандық үшінші орыннан көрінді.

 

 

-Біз бұл жарысқа үлкен дайындықпен бардық. Жалпы жарысқа мектебімізден 13 қызды апарған едім, оның екеуі жүлделі орыннан көрініп, үмітімізді ақтады.

 

 

Еліміздің барлық аймағынан қатысқан 752 спортшының арасынан топ жару да оңай емес.

 

Шәкіртім Мерейлім Кеңесбекова 5 кездесу өткізіп, барлығын айқын басымдылықпен жеңіп, шешуші сәтте Астанадағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернатының спортшысына есесін жіберді.

 

Осылайша, күміс медальді олжалады. Тағы бір шәкіртім Жансұлу Амандық 5 кездесуін сәтті аяқтап, алматылықаруға ұтылып қалды.

 

 

 

Бұл жолы бұйырғаны қола медаль болды. Жарыстан соң балуандарымыз бір күндік жаттығу лагеріне қатысып, шеберліктерін шыңдады.

 

 Жастарымыздың осындай жарыстарға қатысуына қолдау көрсетіп, жағдай жасап отырған облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бекболат Байжановқа, облыстық дзюдо федерациясының басшылығына, мектебіміздің директоры Манарбек Бисекеновке ризашылығымызды білдіреміз,-дейді КСРО-ның спорт шебері, облыстық «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бапкері Мәншүк Баданова.

 

 

Суреттерді ұсынған «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему