Саясат сахнасындағы зор бедел
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 06:11
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Саясат сахнасындағы зор бедел

23 Января 2018 (11:24) | 1373 | Автор: Нурганым Имашева

«Мәңгілік Ел» болу үшін – біз ішкі және сыртқы саясатты тұрақты ұстап, әлемнің дамыған елдерімен тереземіз тең болу үшін әлемнің беделі зор ұйымдарына мүше болып қана қоймай, оған төрағалық етіп келеміз. Бұл біздің болашағымыз үшін сара жол болмақ»

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың

ЕҚЫҰ ның жиынында сөйлеген сөзінен.    

 

 

 

Жуырда ғана Елбасымыз, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының АҚШ қа ресми сапарын теледидар мен электронды БАҚ - нан көріп қуанып қалдым.  Бүгінде дамушы елдер қатарына енетін Қазақстан үшін АҚШ сияқты әлемдегі  нарықтағы беделі жоғары елмен қарым-қатынаста болу өте маңызды қадам екені белгілі. Екі ел арасындағы байланыс 1991 жылы 25 желтоқсанда – АҚШ Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін таныған кезден бастау алды. Сондай ақ біздің тәуелсіздігімізді алғаш  ресми түрде мойындап құттықтаған да осы ел болатын.

 

Тарихқа көз жүгіртсек, 1997 жылы Қазақстан мен АҚШ арасында экономикалық әріптестік бағдарлама жасалған болатын. Одан кейінгі байланысты нығайтуға бағытталған ресми кездесулер ортақ сауда және экономикалық шешімдердің нәтижесін берді. Мысалы, 1999 жылы қол қойылған екі ел арасындағы келісімде АҚШ пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты ары қарай дамыту, еліміздің демократиялық және экономикалық өркендеуіне қолдау көрсету сынды шаралар қарастырылған -ды.

 

Ал биылғы жылы еліміз үшін тарихи маңызды шаралардың бірі бұл елордамыз Астананың 20 жылдығы қарсаңында  БҰҰ - ның қауіпсіздік кеңесіне Қазақ елі тұңғыш рет ТМД ішінен сайлануы маңызды сәтті жаңалық. Мұның өзі  дамудың даңғыл жолына түскен Қазақ елі үшін зор мақтаныш, үлкен абырой.  

 

 

Құрамына 200-ден астам мемлекет  кіретен әлемдегі ең беделді ұйымның бүгінгі таңдағы тынымсыз тірлігі  көпке үлгі боларлықтай. Қауіпсіздік кеңесіне  70 тен астам «сен тұр - мен атайын» демекші  адуынды  мемлекеттер мүшелікте. Өткен жылы БҰҰ ның 2018 жылы қауіпсіздік кеңесті басқаратын қай ел болуы керек? деген салауына 134 елдің Қазақстанды таңдағаны да жайдан- жай емес. Экономикасы мен әлеуметтік әлеуеті  қарқындап дамып келе жатырған Қазақ елінің болашағы жарқын екені әлемге аян. Елбасы Н.Назарбаев  2016 жылы  29 маусым күнгі   Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелігіне сайлануына байланысты үндеуінде: «Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы белесінде тағы бір маңызды тарихи оқиға болды. Еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелері құрамына енді. Бұл Кеңес – Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысымен «халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздіктің басты жауапкершілігі» жүктелген, тұрақты жұмыс жасайтын орган. Еліміздің оған сайлануы – Қазақстанның халықаралық аренадағы беделі мен еңбегінің мойындалуы деген сөз»,- деді.

 

Ия, расында да аты дардай ұйымға мүше болып қана қоймай, әлемдік саясатқа өз үлесіңді қосып, тыныштық пен бейбітшілікті қалайтын Қазақ елі үшін одан асқан абырой да қажет емес.  Әлемдік аренада тәуелсіз еліміз Орталық Азиядағы көшбасшы бола отырып, өңірдегі тұрақтылықтың нығаюына үлкен үлес қосуда. Республика әлемдік деңгейде де зор табыстарға қол жеткізіп келеді. Мұны Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі мен 2010 жылғы желтоқсан айында Астанада осы беделді халықаралық ұйымның саммитін өткізуі дәлелдейді.

 

 ЕҚЫҰ-ның азиялық баламасы – АӨСШК  жобасын іске қосу елдің маңызды бастамасына айналды. Қазақстанның ислам әлеміндегі жетекші ұйым – ИЫҰ төрағасы ретіндегі жасампаз қызметі де оң баға алды. Сонымен қатар, еліміз жаһандық антиядролық қозғалыста жалпыға мойындалған көшбасшы болып саналады. Қазақстан – Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі. Экономиканың барлық саласындағы тұрақты өсім, халықаралық деңгейде мойындалу, саяси тұрақтылық қазіргі Қазақстан қоғамының өсіп-өркендеуінің негізіне айналып отыр. Қазақстан – өзінің мәдени дәстүрлерін сақтаған және зор жасампаз әлеуетін қазіргі әлемде табысты жүзеге асырып отырған, болашаққа ұмтылған ел. 

 

 

Өз ойымды Елбасының «Осының барлығы әркімге де қатысы бар толғақты мәселелер. Қазіргі заманғы шетін проблемаларды шешуге қатысу біздің алдымыздан көптеген елдермен және өңірлермен қарым-қатынастарымызды дамыту үшін мүмкіндіктер ашады. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сайлану – бүкіл Қазақстан халқының лайықты табысы. Бұл – ұлт толысқандығының көрсеткіші. Біз бейбітшілік пен ынты­мақ­тастықтың ортақ құндылық­тарын ілгерілетуге қабілетті жау­ап­кершілігі бар мемлекет ретінде өздерінің дауыстарын Қазақ­станның кандидатурасына берген барлық елге ризашылығымызды білдіреміз.

 

Біздің республикамыз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі өкілет­тігін қамтамасыз ету жөніндегі құрметті миссиясын лайықты орындайтынына сенімдімін. Бұл Қазақстанның әлемдегі аса дамыған мемлекеттер қатарына ену, қауіпсіз және өсіп-өркендеген болашақ құру жолындағы тағы бір тарихи қадамы болмақ. Бұл – еліміз үшін қуануға болатын лайықты оқиға» деген еді. Сондықтан  БҰҰ ның қауіпсіздік кеңесінде биылғы жылы қозағалып, қомақталанатын  Таяу Шығыс мәселесі, Ауғанстандағы ахуал мен Сириядағы сілкіністерді бір ретке келуіне Қазақ елі тарапынан  өз ықпалын тигізері сөзсіз.

 

Өткен жылдың өзінде Сирияға қатысты 10  - нан астам «Астана келісімі» қолға алынып, сәтті жүзеге асырылуда. Мұның өзі де  бейбітшілік пен тыныштықты қалайтын, болашақтың  бағыты бірліктің байыбында екендігіне  көз жеткізіп, балайтын Мәңгілік елдің мәні терең  оқиғасы дегім келеді.

 

Аллаберген Қонарбаев Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему