Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Басқұдық ауылы тұрғындарымен кездесті
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 19:24
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Басқұдық ауылы тұрғындарымен кездесті

22 Января 2018 (20:11) | 3907 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Жақаева Сауле Бердіханқызы Елбасының ҚР халқына арналған жолдауын насихаттау бағытында Басқұдық ауылы тұрғындарымен кездесті.

 

 

 Жүздесу барысында депутат ауыл тұрғындарына Жолдаудың негізгі бағыттары бойынша Президент белгілеген 10 міндет туралы кеңінен әңгімелеп, олардың маңызына тоқталды. Сонымен қатар елді мекен тұрғындары халық қалаулысына өздерін толлғандырған сауалдарын қойып, оларға тұщымды жауап алды және Жоллдауға қолдау білдірген ой-пікірлерімен бөлісті.

 

Сауле Бердіханқызы«Маңғыстауіскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің басшысы. Бірлестіктің құрылғанына биыл 20 жыл толады. Алдағы жоспарларымен бөліскен кезде:

 

-Мерейтой аясында және Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы мен 10-шы қаңтардағы ҚР халқына арналған Жолдауының мақсат-міндеттеріне орай, бірқатар циклды шаралар өткізу жоспарланды. Соның бірі- қаңтар айының 19 –ы және 19 қаңтар - 19 наурыз аралығын қамтитын «Ел болам десең, бесігіңді түзе» тақырыбындағы ақпараттық-тағылымдық кездесулер.

 

 

Мақсат -кәмелет жасқа толмаған қыздар мен ер балалардың тәрбиесіне ден қою, ұрпақ  мәселесіндегі аға буынның жауапкершілігін арттыру.Яғни, Елбасы жолдауларында көрсетілген тәрбие мен білім: рухани-адамгершілік, патриоттық тәрбие, ар-иман, ұлттық рух, ұлттық мәдениет, ұлттық сананы қалыптастыруға қоғамдық күштерді жұмылдыру және өзекті мәселеге қоғам  назарын аудару.Қазір  жігіттен -рух, қыздан - иба,  үлкеннен- сұс кетті. Бұрын қазақ баласының көзі көріп, құлағы естімеген:жезөкшелік, мектеп жасында жүкті болу, бала тастау, баласын өлтіру немесе сату сияқты жағдайларға қазір ешкім таңқалмайтын болып барады. Бұл-қасірет және ұлтқа төнген қауіп! Ал бұл мәселелердің екінші ұшында қарындасқа қамқор, елге қорған болатын ер азаматтарымыз тұр...

 

Ұлттық кодымызды сақтау үшінұлттың ары да, нәрі де- қыздарымыздың тәрбиесін қолға алу  керек-ақ!   Ұсақталып кеткен ұлдарымызға  да айтарымыз көп. Сондықтан, «Ел болам десең - бесігіңді түзе» деген аталар сөзі  бүгінгі күннің басты  ұранына ғана емес, басты жарнамасына айналуы тиіс!- деді «Маңғыстау іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің басшысыЖақаева Сауле Бердіханқызы.

 

 

«Маңғыстау облысы және Ақтау қаласы бойынша іскер әйелдер қауымдастығы» ҚБ  бастамасын қолдаған ақпараттық топ келесі құрамда елді мекендерде тұрғындармен кездесу ұйымддастыруды жоспарлауда:

 

1.Жақаева Сәуле Бердіханқызы- Маңғыстау іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы. облыстық мәслихаттың депутаты


2.Жәнібек Қожық- қоғам белсендісі, журналист, өңірлік сараптау комиссиясының мүшесі


3. Смайыл Сейітбеков- облыстық Бекет ата мешітінің бас имамы /имамдар кезектеседі/
Қасанова Эльвира Нұрғалиқызы - ОІІД, ювенальды полицияның аға инспекторы


5.Мұхамедиярова Нұрсұлу Аманбековна-облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру
орталығының директоры, облыстың бас педиаторы
Маржан Сұлтанқызы - психолог, ата-аналар тарапынан
Анибаева Мария Жәудірханқызы –психолог, Мұнайлы аудандық ІӘҚ төрайымы

 

Кездесулердің уақыты мен өтетін орындары:

 

Суреттерді түсірген Серік Майемеров

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему