Маңғыстауда мемлекеттік қызметшілердің жаңа еңбекақы төлеу жүйесіне қатысты жиын өтті
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 14:15
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда мемлекеттік қызметшілердің жаңа еңбекақы төлеу жүйесіне қатысты жиын өтті

22 Января 2018 (14:01) | 2374 | Автор: Нурганым Имашева

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

 

Жуырда Маңғыстау өңіріне арнайыіс-сапармен келген ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаменті директорының орынбасары Ә.Әмірова, аумақтық департамент басшысы Н.Жанназарова және облыс әкімінің аппараты басшылығының қатысуымен Маңғыстау облысы әкімдігі мен оған қарасты дербес мемлекеттік мекемелерінің факторлық-баллдық шкала негізінде жаңа еңбекақы төлеу жүйесі туралы мәселесін  жан-жақты талқылаған болатын.

 

Елбасының Жолдауына сәйкес, «Ұлт Жоспары» 100 нақты қадамның 5,6 тармақтарын іске асыру барысында 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсыіс-қимыл Агенттігі, Әділет министрлігі және Маңғыстау облысы мен Астана қаласы әкімдіктерінің базаларына факторлық-баллдық шкала негізінде жаңа еңбекақы төлеу жүйесінің пилоттық режимі енгізілді.

 

Агенттік өкілі Ә.Әмірованың айтуынша жобаның өзі негізгі 2 бөліктен тұрады. Олардың біріншісі, мемлекеттік қызметкерден білімді талап ететін жұмыстың күрделілігін ескеретін факторлық-баллдық шкала болып табылады.

 

Екіншісі, қызметкердің жыл бойы атқарған жұмысы жөнінде және жылына бір рет өткізілетін бағалау нәтижесі негізінде берілетін бонустық жүйе,жылдың аяғында оған кем дегенде төрт ресми жалақы (оклад) төленеді. Мереке сайын берілетін сыйақы жаңа жүйеде болмайды.

 

 

Бүгінгі таңда сыйақы мемлекеттік мекеменің жинақ қорына байланысты болғандықтан ауылдық және аудандық деңгейдегі мемлекеттік қызметкерлер сыйақыны іс жүзінде алмайды.

 

-Бұл жаңа еңбекақы төлеу жүйесі тұтастай өңірлердегі мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік жағдайына  баса назар аударады және жоғарыда айтылған мекеме қызметкерлері қаңтар айында жалақыны жаңа жүйемен алатын болады, - дейді өкіл.

 

Сонымен қатар бонустық төлем жөнінде толығырақ Агенттік өкілінің айтуынша, айлық жалақы қызметкерлердің атқаратын жұмысының күрделілігі мен мазмұнына байланысты болады.

 

Бұл мемлекеттік қызметкердің лауазымдық деңгейі мен қызмет өтілі ескерілетін дәстүрлі жүйеден ерекшеленеді.  Бұрынғы тарифтік шкала бойынша, министрліктің қызметкерлерінің әкімдіктің қызметкерлерінен және кез-келген басшының орындаушы қызметкерлердің жұмысының мазмұнына, күрделілігіне қарамастан айтарлықтай жалақысы жоғары болды.

 

 

Факторлық-балдық шкала негізінде лауазымдардың барлығы 3 фактор арқылы бағаланатын болады:

1) еңбек міндеттерін тиімді орындау үшін қажетті білім деңгейі, құзіреті және жұмыс тәжірибесі;

2) лауазымға жүктелген міндеттердің күрделілігінің дәрежесі;

3) нәтижеге қол жеткізбеу жауапкершілігінің дәрежесі.

 

Бұл факторлардың әрқайсысына балл шығарылады және олардың жиынтығы жаңа еңбекақы жүйесінде лауазымның алатын орнын анықтайды.  Барлық лауазымдарды бағалау нәтижесінде олар 4 блокқа топтастырылады:

- жауапты хатшыларды, аппарат жетекшілері мен комитеттердің төрағаларын қамтитын жоғары басшылық құрам;

- негізгі құрам;

- әрекет етуші құрам (құқықтық, қаржылық, кадрлық, ақпараттық және қоғамдық қатынастар үшін жауапты лауазымдар);

- қосалқы құрам (әкімшілік және шаруашылық қызметке жауапты лауазымдар).

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаменті директорының орынбасары Ә.Әмірова Маңғыстау облысына  іс-сапарының негізгі мақсаты - аталған жаңа еңбекақы төлеу жүйесі бойынша қазіргі таңда айналысып жатқан «Hay Group» консалтингтік компаниясымен бірге жобаны іске асыру үшін платформа дайындау екенін айтып өтті.

 

Суретті түрген ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему