Маңғыстау облыстық сотының судьялары Жолдауды талқылады
Курс валют в Актау
на 16/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
16 Апреля, 10:01
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облыстық сотының судьялары Жолдауды талқылады

15 Января 2018 (09:25) | 1900 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысының судьялары мен соттар әкімшісінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы (2018 жылғы 10 қаңтар)Қазақстан халқына Жолдауын талқылады.

 

 

Облыстық соттың судьясы Гүлажар Бақытжанова Жолдауда айтылған міндеттерді тарқата баяндап, жалпы қоғамға ортақ мәселелермен бірге, сыбайлас жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі туралы кеңінен айтып өтті.

 

-Жолдауда айтылған басты жаңалықтың бірі - мемлекеттік органдардағы процестерді, соның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын цифрландыру.

 

 Елімізде қылмыстық істер «Электронды қылмыстық іс жүргізу» пилоттық жобасымен қарала бастады. Алдағы уақытта барлық қылмыстық іс жүргізу цифрлы түрге түбегейлі  көшпек. Әр салада мұндай цифрлы технологияның енгізілуі ашықтық пен жылдамдықты арттырып, артық қағазбастылықтан арылуға мүмкіндік береді, - деді ол өз баяндамасында.

 

Осыдан соң қатысушылар жолдауда айтылған міндеттерге жеке-жеке тоқталып, оларды сот жүйесінде жүзеге асыру туралы ойларымен бөлісті.

 

- Елбасы соңғы 3 жылда ғана жемқорлық үшін 2,5 мыңнан астам адам сотталғанын,  осы уақыт ішінде олардың 17 миллиард теңге көлемінде келтірген залалы өтелгенін айтты.

 

 

Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес жұмыстары бұған дейін де жүргізілді, әлі де жалғаса беретін болады.

 

 Сондай-ақ цифрландыру маңыздылығына байланысты сот ғимараттарындағы барлық технологиялардың қосулы болып, игілікпен қызмет көрсетуіне мән бере отырып, кемшіліктердің алдын алуымыз керек, - деді Жақсылық Аланов.

 

 

Өз ойын осылайша ортаға салған сот төрағасы ұжымдастарын Жолдау міндеттерін жүйелі әрі сапалы жүзеге асырып, белсенді қызмет етуге шақырды.

 

Қатысушылар жұмыс жоспарын құрып, онда жемқорлықпен күрес, сот жүйесінің имиджін көтеру, халықтың сотқа сенімін қалыптастыру, қылмыстық істерді электронды форматта қарау тәртіптерін саралау секілді маңызды мәселелерді қамту  керектігін айтты.

 

Жиын соңында алқа төрағаларына жолдау міндеттерін жүзеге асыру бойынша нақты ұсыныстар келтіру, ал, Оқу орталығына жұмыс жоспарын құру тапсырылды.

 

Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему