Ортақ жолда міндетіміз де бір болмақ
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 15:47
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ортақ жолда міндетіміз де бір болмақ

25 Декабря 2017 (23:02) | 2467 | Автор: Нурганым Имашева

Тарих қойнауына еніп бара жатқан 2017 жыл еліміз үшін тұрақтылық пен бейбітшілігімізді, өркениет пен жаңашылдыққа ұмтылысымызды нығайта түсті. Соның ішінде сот билігінде орын алған ауқымды өзгерістер мен жаңашылдықтар болашаққа деген бағыт-бағдарымызды айқындай түскені сөзсіз.

 

 

Тәуелсіздік жылдары қазақстандық сот ісін жүргізу саласы қылмыстық процестің кеңестік моделінен біртіндеп бас тарта келіп, биыл көпшіліктің талқысынан өткен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңын қабылдады.

 

Заңның жаңадан қабылдану себебі – қылмыстық процесті жетілдіре түсу және құқық қорғау органдарының кейбір аспектілерін жетілдіру болып табылады. Бұған дейін 2015 жылы қолданысқа енген жаңа қылмыстық-процестік заңның және Ұлт Жоспарында көзделген шаралардың іске асуымен азаматтардың тиімді қорғалуын қамтамасыз ету және қылмыстық процестің жазалаушылығын азайту бойынша нақты жұмыстар атқарылып келген болатын.

 

Мемлекеттің заңнамасын және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын дамытудың маңызды құрамдас бөлігі ретінде қылмыстық процесті одан әрі жаңғырту мақсатында Қылмыстық-процестік кодекс те өзгерістерге ұшырады.

 

Қылмыстық істерді жаңа тәртіппен қарау жүйесі себепсіз кінәламау, жазаны дұрыс тағайындау, азаматтардың құқығы мен бостандығын заңсыз шектемеу, қылмыстың алдын алу, құқыққа қолсұғылмаушылық, қылмыстық процестегі тараптардың жарыспалылығы мәселелеріне жол ашылды.

 

Осылайша заң жағынан төрт құбыламызды сайлап алған соң,Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бағдарламасында заңның үстемдігін қамтамасыз ету үшін айтылған ұсыныстары мен тапсырмаларын орындау мақсатында қылмыстық процесті модернизациялаудың ауқымды жобасын іс жүзінде жүзеге асыруға кірістік.

 

Қылмыстық процесті жаңғырту – заман талабы болғандықтан, жоғары құқық қорғау стандарттарына негізделген қылмыстық процестің қазақстандық жаңа моделін құрдық. 

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасын жасақтау барысына жұмыс тобы сот төрелігінің тиімділігіне әсер ететін қылмыстық процестің негізгі факторларына талдау жасады.

 

Барлық ұсыныстар зерделеніп, қорытылып, шетелдік үлгідегі процестік нысандарды ұйымдастыру ерекшеліктері зерттелді. Сөйтіп заңда қылмыстық іс бойынша сот ісін жүргізудің бастапқы кезеңін қозғайтын ережелерді, сотқа дейін істі жүргізудің жарыспалылық бастамалар шегін қамтыды.

 

Ендігі жерде күдіктілерді алды-артына қаратпай қамауға алу тоқтатылып, бұлтартпау шараларының көлемі азаяды. Осы арқылы біз түрме халқының санын азайтуды, сол арқылы мемлекет шығынын төмендетуді және кәсіпкерлік қызмет саласындағы қылмыстар бойынша қамау шараларын қолдануды азайтуды мақсат тұтып отырмыз.

 

Яғни бұдан былай кепіл, үйқамаққа алу секілді бұлтартпау шаралары кеңінен қолданылады. Жаңа заңның қолданылуымен істерді қарау мерзімі де біршама қысқартылады.

 

Адамның бостандығын шектеу оның конституциялық құқығына қол сұғушылық болып табылады. Сондықтан оның жауапкершілігі де, себебі де өте маңызды. 1959 жылдан бері елімізде сот санкциясынсыз адамды 72 сағатқа дейін қамауға алуға болатын еді.

 

Ал, енді бүгінде технологияның дамуының арқасында дәлелді құжаттар мен айғақтарды жылдам жинақтаудың жетілдірілген түрі шығып отыр. Сол себепті адамды қамауда ұстаудың заңдылығын тексеріп, қандай жаза қолданылатынын шешу үшін сотқа апару мерзімі 72 сағаттан 48 сағатқа дейін қысқартылды.

 

Жаңа заң арқылы шетелдік тәжірибелер сараланып, іс-тәжірибе алмасуға мүмкіндік туады. 2016 жылы өкінішке орай, Қазақстан «Сот төрелігі индексі»көрсеткіші бойынша әлемдік ең танымал рейтингте өз көрсеткішін 58 орыннан 73 орынға дейін төмендетіп алған еді.

 

Бұл халықаралық рейтингте қылмыстық сот билігіне басымдық берілген. Енді заңнамадағы жаңашылдықтардың тиімділігімен осы олқылықтың орны толады деп сенім білдіреміз.

 

Екі жүз жыл бұрын қалыптасқан «Жазықсыз бір адамды соттағанша жазықты он адамды ақтаған дұрыс» деген қағида бар.

 

Адамдар қоғамда тыныштық болмаса, тәртіп сақшыларына үрей мен қорқынышпен қараса, ал сотқа сенім білдіре алмаса, онда олардың өз мемлекетінесенім білдірмегені болып табылады.

 

Сенімі жоқ азамат елді дамытуға үлес қоспайтыны тағы анық. Осы түсініктің оң көзқарасқа қарай бағыт алуы үшін сот жүйесі мен құқық қорғау органдарының жұмысын жетілдірудің ортақ жолы қарастырылды. Енді оған күш біріктіріп, кірісу тағы да ортақ міндетіміз болып табылады.

 

 

Айнұр ҚЫЗЫЛБАЕВА,

Ақтау қалалық сотының судьясы,

Маңғыстау облысы

Суреттерді ұсынған Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему