Маңғыстауда заңсыз құрылыс мәселелері талқыланды
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 13:49
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда заңсыз құрылыс мәселелері талқыланды

25 Декабря 2017 (20:16) | 2233 | Автор: Нурганым Имашева

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғаудың тиімділігін арттыру мақсатында  «Салық заңнамаларының сот тәжірибесінде қолданысы» тақырыбында республиканың барлық аймақтарымен бейнеконференцбайланыс (БКБ) арқылы семинар өткізілді.

 

 

Іс-шараға ҚР Жоғарғы Сотының судьялары  мен өңірлерде судьялар, шағын және орта бизнес субъектілері,  бизнес-қоғамдастық өкілдері, мемлекеттік органдар мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері, медиаторлар мен заңгерлер және адвокаттар қатысты. БКБ аясында жеке кәсіпкерлердің салық органдарымен арадағы байланыс заңдылығы, тәртіптері мен түсінбеушілік мәселелері талқыланды.

 

Осыдан соң, Маңғыстау облыстық сотында  жергілікті әкімдік өкілдері мен кәсіпкерлердің қатысуымен «Заңсыз құрлысты бұзу туралы дауларды сот тәжірибесінде қарау» атты тақырыпта семинар өтті.

 

Іс-шара барысында сөз алған Ақтау қаласының №2 сотының судьясы Ақмарал Ахметова заңсыз салынған құрылыстарды өз еркімен бұзу туралы дауларды қарау және олар бойынша шығарылған шешімдердің орындалу мәселелері туралы айтып өтті. Ал, судья Дүниезада Кеншимова сот тәртібімен заңсыз салынған құрылыс нысандарын бұзу заңдылықтарын түсіндірді. Осы орайда жергілікті әкімдік өкілдері мен банк қызметкерлері заңсыз құрылыс нысандарын салуға жол бермеу, кереғарлықтың алдын алу мәселелерін біріккен түрде талқылады.

 

 

Сондай-ақ, семинарда өз бетінше иеленіп алған жер телімдерін босату,  мұндай жер телімдерінде салынған құрылысты бұзу жөніндегі істерді қарау кезінде біркелкі сот практикасын қалыптастыру, сот шешімдерін орындау барысында кездесетін мәселелер де сарапқа салынды.

 

Семинарға қатысушылар өзара пікір алмасып, мұндай шараларды жиі өткізу құқықтық сауаттылықты арттыратындығын жеткізді.

 

Бұл жаңалықпен Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі бөлісті.

 

Суреттерді түсірген: Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему