Облыстық көркем және эстетикалық гимнастика федерациясы жылды қорытындылады
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 07:14
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Облыстық көркем және эстетикалық гимнастика федерациясы жылды қорытындылады

25 Декабря 2017 (20:07) | 2246 | Автор: Нурганым Имашева

Жаңа жылға аяқ басар тұста өткен жылда атқарылған жұмыстардың нәтижесі қорытындыланып, жеткен жетістіктер сараланып, келер жылға жоспар құру әр саланың жыл аяғында дәстүрге айналған шарасы екені анық. Ақтауда осындай салтанатты жиын облыстық көркем және эстетикалық гимнастика федерациясының ұйымдастыруымен өтті.

 

 

Мерекелік шараға Маңғыстау облыстық спорт және денешынықтыру басқармасының басшысы Бекболат Байжанов, «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Манарбек Бисекенов қатысты. Сонымен қатар, кешке мектеп директорлары мен аймақта көркем және эстетикалық гимнастиканың дамуына өз үлестерін қосып, спорттың осы саласының жетістіктерін жариялауда талмай еңбектеніп жүрген БАҚ саласының өкілдері шақырылды.

 

Жиында сөз алған облыстық спорт және денешынықтыру басқармасының басшысы Бекболат Байжанов өңірдегі көркем және эстетикалық гимнастиканың2017 жылы жеткен жетістіктері туралы әңгімелеп, гимнасшыларға келер жылғы халықаралық жарыстарда жеңіс тіледі және облыста көркем гимнастиканың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

 

Мерекелік шарада облыстық көркем және эстетикалық гимнастика федерациясыныңгимнасшыларының гала-концерті кеш қонақтарының назарына ұсынылды. Балалар жыл бойы үйренгендерін ата-аналары мен көрермендерге көрсетіп, өз жетістіктерімен бөлісті.

 

 

Жадыра Пірниязова, Анна Шульга және Жамбыл Өтенов сынды хореографтардан үйренген өнерлерін ортаға салған балғын гимнасшылар өз билерімен көпшілікті тәнті етті.

 

Бұдан соң жыл қорытындысымен үздік жетістіктер көрсеткен спортшылар марапатталып, гимнасшыларға арналған би кеші ұйымдастырылды.

 

Жаңа жылдық ойын-сауық бағдарламасы аясында Аяз Ата спортшы бүлдіршіндерге сыйлықтар таратып,облыстық «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің көркем гимнастикадан жаттықтырушысы, облыстыңаға жаттықтырушысыБибігүл Есназарова тарапынанспортшыларға өздері тапсырыс берген сүйікті тағамдары пиццаны жеуге рұқсат етілді.

 

Кеште сонымен қатар, облыста көркем және эстетикалық гимнастиканың дамуына өз үлестерін қосып келе жатқан «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Манарбек Бисекенов пен мектеп директорлары және көркем гимнастика саласына ақпараттық қолдау көрсетіп жүрген «Маңғыстау» облыстық газетінің журналисі Венера Мирланмен облыстық телеарнаның тілшісі Әсем Сартбаева марапатталды.

 

-Облыста өткен жылы құрылған көркем және эстетикалық гимнастика федерациясы қарқынды жұмыс жасап келеді. Өлкемізде көркем гимнастиканы дамыту мақсатында екі рет Азияның бес дүркін чемпионы А. Алябьева мен Белоруссияның жоғары дәрежедегі жаттықтырушысы А. Рогозина сияқты білікті мамандар оқу-жаттығу жиынын өткізді.

 

 

Соның нәтижесінде гимнасшы қыздарымыз елімізде өткен республикалық, Ресей, Украинада өткен халықаралық жарыстардан 3 алтын, 1 күміс және 1 қола медальді иеленді. Бұл бұрын-соңды гимнастикадан Маңғыстау тарихында болмаған жетістік.

 

Сонымен қатар 2017 жылы «Шағала» халықаралық турнирі республикалық жарыстар кестесіне енгізіліп, тамыз айында облыста алғаш рет ұйымдастырылды.

 

Оған Өзбекстан, Ресей, Украина мемлекеттері мен Маңғыстау, Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарының 5 пен 14 жас аралығындағы гимнасшы қыздары қатысып, бақтарын сынады.

 

Бүгінгі таңда облыста 600-дей жас спортшы көркем гимнастикамен шұғылдануда, Жаңаөзен қаласы мен Мұнайлы ауданында спорттың осы түріне қызығушылық танытқандар саны артып келеді-дейді Маңғыстау облыстық көркем және эстетикалық гимнастика федерациясының президенті БибігүлТөлегенова.

 

Федерация президентінің мәлімдеуінше, «2018 жылы «Шағала» халықаралық турнирі тағы да Ақтауда өтеді деп күтілуде, сонымен қатар қаңтарда Ресейден атақты тренер шақыртылып шеберлік сабағын өткізеді. Ал наурыз айында Маңғыстауда тұңғыш рет көркем гимнастикадан Қазақстан Кубогы ұйымдастырылатын болады».

 

Суреттерді түсірген: Маңғыстау облыстық көркем және эстетикалық гимнастика федерациясының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему