Кішкентай бишілер халықаралық турнирден олжалы оралды
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 15:06
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Кішкентай бишілер халықаралық турнирден олжалы оралды

21 Декабря 2017 (23:03) | 2600 | Автор: Нурганым Имашева

Атырау қаласында спорттық бал билерінен «Аэлита-2017» халықаралық турнирі аяқталды.

 

 

Биыл тоғызыншы рет ұйымдастырылып отырған сайыс Ел тәуелсіздігі мерекесіне арналды. Қазақстан, Ресей мемлекеттерінің белді би топтары қатысқан жарыстан ақтаулық бишілер жеңіспен оралды. 

 

Атап айтқанда, Жасұлан Канапин, Анеля Нұртайқызы мен София Ивахнюк алтыннан алқа тақса, Артем Овчинников пен Дарья Баранова күміс медальді жеңіп алды. Мансұр Мұсаев пен Дарья Шееваға қола медаль бұйырды.

 

 

-Халықаралық турнирге 6 мен 11 жас аралығындағы 350 жасөсіпірім  қатысып, сынға түсті.

 

 Үш күнге созылған сайыста ең кіші жастан бастап хореографиялық дайындықтан өткен барлық спортшылар өнер көрсетті. Олар веналық вальс, танго, ча-ча-ча, румба, джайв, самба секілді спорттық би бағдарламаларын орындады.

 

Менің шәкірттерім мұндай халықаралық жарысқа алғаш рет қатысып отыр. Десе де, көрсеткен нәтиже керемет болды. Үш алтын, екі күміс және екі қола медальдарды жеңіп алып, мерейміз тасып, қуанышпен оралдық,-дейді «Жас қанат» спорттық  бал билері бөлімінің жаттықтырушысы  Наталья Данилова.

 

 

Суреттерді түсірген: «Жас қанат» спорттық  бал билері бөлімі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему