Ақтаулық 15 кәсіпкер «Даму-Көмектің» шапағатына бөленді
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 06:57
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық 15 кәсіпкер «Даму-Көмектің» шапағатына бөленді

21 Декабря 2017 (22:57) | 1827 | Автор: Нурганым Имашева

Тәуелсіздік күні қарсаңында «Даму» қорының қолдауымен «Даму-Көмек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі 15 кәсіпкерге демеушілік көмек көрсетілді. Демеуші компаниялар, соның ішінде екінші деңгейдегі банктер тарапынан мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге 1,8 миллион теңгеден асатын сомаға құрал-жабдықтар табысталды.

 

 

-«ForteBank» АҚ Ақтау қаласындағы филиалы өзінің клиенттерімен «МКДСМ» АҚ, «Uni Trade Aktau» ЖШС, «Equipment Services Ltd» ЖШС, «GSB Group» ЖШС, «Caspi Oil Снаб Ltd» ЖШС, «WDOS AGARGAN» ЖШС біріге отырып, 6 тігін машинасын, ГБЖ (газ-баллонды жабдық), балалар массажына арналған аппарат, такси қызметін көрсететін кәсіпкерлер үшін құрал-саймандар жиынтығын сатып алуға 1 500 000 теңге бөлді.

 

Сонымен қатар, «ForteBank» АҚ Ақтау қаласындағы филиалы тарапынан Соқырлар қазақ қоғамына 500 000 теңгеге көмек көрсетілді. «Сбербанк» АҚ ЕБ 3 тігін машинасын сатып алды.

 

Сондай-ақ, «RBK Bank» АҚ балалар шахмат клубына арнап қабырға шахмат тақтасын, шахмат сағатын және тігін машинасын табыстады. Шахматтар есту қабілеті бойынша 3 топтағы мүгедек Наталья Гороховаға шахмат клубын ашу үшін табысталды,-дейді «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры АҚ Маңғыстау облысы бойынша аймақтық филиалының бас менеджері Жанар Ермаханбетова.

 

Наталья Горохова Қазақ спорт және туризм академиясын «Спорт жаттықтырушысы» мамандығы бойынша  тәмамдаған. Халықаралық, республикалық жарыстарға қатысып,  2016 жылы «Жылдың үздік спортшысы» атағына ие болып,  «Халықаралық деңгейдегі спорт шебері» атағын абыроймен қорғаған. Бүгінгі таңда ол мүмкіндігі шектеулі балаларды шахматтан дайындайды.

 

-Өзімнің шағын шахмат клубымды ашып, балаларды жаттықтырғым келеді. Сондықтан да Даму қорының қолдауымен «Даму-Көмек» жобасына қатысып,  шахмат тақтасы, шахмат  үшін сағат-таймер сатып алуға жәрдемдесуін өтініп, хат жаздым.

 

Өтінішімді жерге тастамай, көмек көрсеткен қайырымды жандарға алғыс айтамын,-дейді Маңғыстау облысы мүгедектер спорт клубының жаттықтырушысы  Наталья Горохова.

 

Суреттерді түсірген «Даму» қорының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему