Маңғыстаулық самбошылар халықаралық жарыстың жеңімпазы атанды
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 01:17
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық самбошылар халықаралық жарыстың жеңімпазы атанды

15 Декабря 2017 (20:20) | 1649 | Автор: Нурганым Имашева

Тәуелсіздік мерекесіне орай Атырау қаласында самбодан жасөспірімдер арасында ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, халықаралық дәрежедегі төреші Қошқарбай Табынбаевты еске алуға арналған ІІІ халықаралық турнирұйымдастырылды.

 

 

12-14 желтоқсан аралығында өткен жарысқа еліміздің әр аймағынан келген спортшылар қатысты. Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей мемлекеттерініңде самбошылары аталмыш турнирде бақтарын сынады. Жарысқа барлығы - 400 спортшы қатысты.

 

 Байрақты бәсекеде облыстық «Жас батыр» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері бәрінен мықты екендіктерін дәлелдеп, аймақ абыройын асқақтатып, жеңімпаз атанды. Самбошыларымыз облыс қоржынына 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медальды салды.

 

Атап айтар болсақ, 32 келі салмақта Ернар Нәдірбай алтыннан алқа тағып, жеңімпаз атанды. 38 келі салмақта Қуанышбек Көмеков күміске қол жеткізсе, 35 келі салмақта Ыбырай Мұрат қола медальді еншіледі.

 

Ақжолтай жаңалықпен самбо бөлімінің бапкерлері Айбек Бисекенов пен Нұржан Айдынғалиев бөлісті.

 

 -Жарысқа облыстық «Жас батыр» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебін 5 спортшы апарған болатынбыз. Олардың арасынан үшеуі жүлделі орындарды иеленіп, үмітімізді ақтады.

 

 

Шәкіртім 32 келі салмақта белдескен Ернар Нәдірбай атыраулық, оралдық, қырғызстандық, қарағандылық, алматылық балуандарды айқын басымдылықпен жеңіп, финалда байқоңырлық балуанның уысынан жеңісті суырып алды.

 

Осылайша, халықаралық жарыстың жеңімпазы атанып, алтыннан алқа тақты. Қуанышбек Көмеков болса, алматылық, ақтөбелік, атыраулық, байқоңырлық спортшыларды жеңіп, шешуші сәтте оралдық балуанға жол берді.

 

Боз кілемге 35 келі салмақта шыққан Ыбырай Мұрат қырғызстандық, түркістандық, астаналық, шымкенттің қарсыластарын ұтып, атыраулық балуанға есесін жіберіп, қола медальді қанағат тұтты.

 

 Біз бұл жеңістерімізді Тәуелсіздік мерекесіне арнаймыз. Жарысқа қатысуға қолдау көрсеткен Маңғыстау облыстық әкімдігіне және облыстық спорт басқармасына, мектеп басшылығына алғыс айтамыз,-дейді бапкер Нұржан Айдынғалиев.

 

Суреттерді түсірген «Жас батыр» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему