Мұнайлыда ұн шығаратын цех пайдалануға берілді
Курс валют в Актау
на 27/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Апреля, 07:34
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мұнайлыда ұн шығаратын цех пайдалануға берілді

15 Декабря 2017 (20:17) | 2567 | Автор: Нурганым Имашева

Тәуелсіздік мерекесіне қарсаңында Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында бірнеше жаңа нысан ашылды. Ел игілігіне берілген кәсіпорынның бірі – Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылындағы ұн шығаратын цех. Комбинат тәулігіне 120 тонна жоғарғы және бірінші сұрыпты ұн, 30 тонна кебек өндіруге қауқарлы. Мұнда ең бастысы - 50 адам жаңадан ашылған цехқа жұмысқа орналасты.

 

 

Жаңа нысанның ашылуы - ауданда шағын және орта бизнестің дамуы қарқын алғандығының белгісі. Себебі, бұрын осындай кешен облыс бойынша тек Бейнеу ауданында болса, өндіріс орны енді Мұнайлы ауданында ашылып отыр. Осылайша, жергілікті өнімдер облыстың ішкі сұранысын қанағаттандыруда.

 

-Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады» - деп  айтқанындай, жергілікті кәсіпкерлер тарапынан халыққа қалтқысыз қызметтер көрсетілуде.

 

Мұның бәрі елдің бірлігі мен ынтымағының арқасы деп білеміз. Өздеріңіз куә болып отырған ұн-жарма комбинатының 6000 тоннаны құрайтын астық қоймасы Мұнайлы ауданының 10 жылдық мерекесі аясында ашылған болса, негізгі бөлігі ұн – жарма өндірістік кешенін бүгін іске қостық,-деді аймақ басшысы Ералы Тоғжанов.

 

Сонымен қатар, ауданда «Ынтымақ» мал базары және мал сою пункті де ашылды.

 

Салынуына 30 млн. теңге жұмсалған шаруашылық 25 адамға жаңа жұмыс орнын ұсынды. Мұнда 42 қора бар. Әрбір қорада 10 ірі қара мен 32 ұсақ малды союға арналған орын дайындалған. Шаруа иесі 3 жылға «Атамекен» шағын қаржы ұйымы» арқылы 4 пайызбен 11,5 млн. теңге несие алғанын айтады.

 

Одан бөлек, мереке қарсаңында Мұнайлыда 2 тәрбие ошағы ел игілігіне берілді. Соның бірі - жергілікті кәсіпкердің қаражатына салынған 75 орындық «Мөлдір» балабақшасы. Тәрбие мекемесі 15 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтыды.

 

Суреттерді Маңғыстауоблысы әкімдігінің баспасөз қызметі ұұсынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему