Жеткіншектерге кәсіптік бағдар берді
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 10:46
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жеткіншектерге кәсіптік бағдар берді

14 Декабря 2017 (21:47) | 1906 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының келер жылы мектеп бітіретін оқушылары жастарға арналған «Сәтті қадам» партиялық жобасы туралы жақсы біледі. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының қызметкерлері осы жоба аясында оқушылар қатысқан біраз шаралардың ұйытқысы болды. Биылғы жылдың соңғы шарасы жұмысшы мамандықтарын насихаттауға арналған «Ашық есік» күні ретінде өтті. Партиялықтар жоғары сынып оқушыларын аудандағы өндірістік және коммуналдық қызмет кәсіпорындарына апарды.

 

 

Шараға қатысқан оқушылар «Түпкараган су жүйесі» кәсіпорнының жұмысымен танысу мүмкіндігіне ие болды. Тәжірибелі шебер Руслан Балжұмыров жеткіншектерге теңіз суын тұщыту әдістері туралы әңгімеледі.

 

Оңтүстік Кореяның жаңа технологиясымен жабдықталған кәсіпорын күніне 400 текше метр су өндіріп, аудан халқын ауыз сумен уақытылы қамтамасыз етіп отырады.

 

 

-«Сәтті қадам» партиялық жобасы аясындағы осындай танымдық шаралар оқушылардың болашақ мамандықтарын таңдауына көмектеседі. Биыл көптеген мектеп бітірушілер жұмысшы мамандықтарын таңдады, -  дейді мектеп ұстазы Айна Берішбаева.

 

Жоғары сынып оқушыларының кәсіпорындарға саяхаты «Қазақтелеком» АҚ-ның аудандық телекоммуникациялар торабында және «Каспий коммуналдық қызметі» мекемесінде жалғасты.

 

 

Операторлар Амалбек Қуанбай, Алтыншаш Тілепова және шебер Ғалымжан Өмірбаев оқушыларды өздерінің жұмыс үдерістерімен таныстырды.

 

Кәсіпорындардың қызметкерлері мен жұмысшыларының  әңгімелерін қызыға тыңдаған оқушылар бұрын өздерінің көңіл аудармаған мамандықтары жайлы пайдалы мәліметтерге қанығып, танысқан мамандық иелері атқаратын міндеттердің біздің өмірімізде маңызды орын алатындығына көз жеткізді.  

 

 

Суреттерді түсірген: «Нұр Отан» партиясы Түпқараған аудандық филиалының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему