Тәуелсіздік мерекесіне орай Маңғыстауда бірнеше әлеуметтік нысан пайдалануға берілді
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 04:21
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Тәуелсіздік мерекесіне орай Маңғыстауда бірнеше әлеуметтік нысан пайдалануға берілді

13 Декабря 2017 (23:48) | 1637 | Автор: Нурганым Имашева

Аймақта Тәуелсіздік мерекесіне орай әлеуметтік маңызы бар бірнеше нысан ашылды.

Индустрияландыру картасы аясында Маңғыстау облысы әкімдігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК және «ҚазТрансГазАймақ» АҚ арасындағы үш жақты меморандумға сәйкес, Шетпе ауылына қуаттылығы сағатына – 20 000 м3 газ жеткізетін «Окарем – Бейнеу» магистралды газ құбырынан Шетпе ауылына дейін 90 шақырым қашықтықтан тартылған газ құбыры іске қосылды. Жобаның құны 5,7 млрд теңгені құрайды.

 

 

Осы кезге дейін пайдаланып келген «Жетібай – Шетпе» газ құбырының қуаты сағатына – 5 мың текше метр болып, тек қана Шетпе ауылын толық газбен қамтуға мүмкіндік берген болатын.

 

Сондықтан жылыту маусымы кезінде газ құбырының жеткіліксіз өнімділігі себебінен ауылдарда газ тапшылығы байқалды. Осыған байланысты, халықтың тұтыну көлемін қамтамасыз ету мақсатында аталған жоба іске асырылып, Жыңғылды, Тұщыбек, Онды, Бекі, Шайыр, Жармыш ауылдарындағы газ тапшылығы жойылды.

 

 

-Алдымен, Сіздерді Тәуелсіздік күнімен құттықтайын! Қаншама қиын кезеңдер басымыздан өтті. 90 жылдары қалай болып еді?! Қазақстан тәуелсіздігін нығайта білді. Ірі жобаларды жүзеге асырып, әлемдік аренада өз орны бар мемлекетке айналды.

 

Елбасының салиқалы саясатының арқасында еліміздің шекарасы нық бекіді. Тұрақтылық болған жерде әлеуметтік сұрақ та, экономикалық сұрақ та шешіледі деп ойлаймын.

 

 

Мына үлкен жобаның жүзеге асырылуы да Тәуелсіздіктің жемісі. Маңғыстау ауданы толықтай газбен қамтылды.

 

Енді тағы да облыстың 5 ауданында және Жаңаөзен қаласында жалпы ұзындығы 1370 шақырымды құрайтын газ құбырын тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

 

Жобаны іске асыру барысында  800 адам жұмысқа тартылды. Нысан пайдалануға берілген соң 100 адам тұрақты жұмыспен қамтылады,-деді салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

 

Айтулы мереке қарсаңында ауыл тұрғындары үшін Шетпе селосында 50 орындық «Дархан» балабақшасы пайдалануға берілді. Жергілікті кәсіпкердің өз қаражатымен салынған бөбекжай құрылысына 40 млн. теңге жұмсалыпты.

 

 

 Ауданда соңғы жылдары 5 бірдей жекеменшік білім ошағы ашылған. Бүгінгі жаңа нысанды іске қосу арқылы Маңғыстау ауданында балабақшамен қамту үлесі 85 пайызға жетіп отыр. 1000 шаршы метр аумаққа орналасқан жаңа мекеме 20 адамды жұмыспен қамтыған.

 

Шағын және орта бизнесті белсенді қолдау бағытындағы жұмыстар жалғасы ретінде  аудан тарихында алғаш рет Шетпе ауылынан бұқтырылған ет консервісін шығаратын цех ашылды. Кәсіпорын тәулігіне 700 -1000 дана мал етінен бұқтырылған консерві дайындайды.

 

 Шаруа иесі «Атамекен» ҰКП  арқылы 10 млн теңге шағын несие алып және өз қаражаты арқылы цехты ашып отыр.

 

-Бұл цех тек облыс емес, еліміздің өзге өңірлерін де сапалы өнімімен қамтамасыз ететіндігіне сенім мол. Айына 10 мың дана консерві шығарып, 15-20 адамды жұмыспен қамтитын бұл цехтың болашағы зор болары сөзсіз. Ендеше кәсіпорынның жұмысына табыс тілеп, бұдан да басқа өнімдер шығаруына, өңір экономикасының дамуына үлес қосатын кәсіпкерлік нысаны болуына тілектеспін,-деді аймақ басшысы Е. Тоғжанов.

 

Салтанатты рәсімнен кейін Ералы Тоғжанов ауыл ақсақалдарымен кездесіп, облыстың әлеуметтік дамуы туралы келелі әңгіме өрбітті.  

 

Аймақта жүзеге асырылған маңызды стратегиялық жобаларды атап өтіп, экономикалық көрсеткіштердің ахуалы жайлы айтып берді. Ал, ақсақалдар қауымы алғыстарын айтып, ел игілігі үшін атқарылған істерге ризашылық танытты.

 

 

Суретті түсірген: Маңғыстау облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему