Маңғыстауда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 6 жобаны жүзеге асыру үшін 2,8 млрд.теңге бөлінген
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 01:15
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 6 жобаны жүзеге асыру үшін 2,8 млрд.теңге бөлінген

13 Декабря 2017 (23:43) | 1309 | Автор: Нурганым Имашева

«Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облыстық филиалында өткен кезекті қоғамдық тыңдауда «Нұрлы жер» бағдарламасының аймақта іске асырылу барысы талқыланды.

 

 

Сондай-ақ, жиында тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту мәселелері де қаралды.

 

Шарада «Нұр Отан» партиясы МОФ төрағасының бірінші орынбасары Н.Тумышев, облыстық құрылыс басқарма басшысы А. Хамиев, облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысының орынбасары Н.Орынбасаров баяндама жасады.

 

Мәжіліске облыстық мәслихаттың депутаттары, қала, аудан құрылыс бөлім басшылары, мердігерлер, партиялық бақылау комиссиясы мен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнідегі қоғамдық кеңес мүшелері, «Нұрлы жер» комиссиясының мүшелері қатысты.

 

Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Орынбасаров тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары туралы баяндады. Оның айтуынша, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 2017 жылы 6 жобаны жүзеге асыру үшін 2,8 млрд.теңге бөлінген.

 

-Атамекен селосының тұрғын массивтерін сумен жабдықтау желілерінің құрылысына 976,311 млн.теңге қарастырылды.

 

Су құбырының ұзындығы - 161,095 шаршы метр. Одан бөлек, Маңғыстау ауданының Жыңғылды селолық округіндегі елді-мекендерді ауыз сумен жабдықтау құрылысы, Жыңғылды селосына есептегіш құралдарын орнатуға 361,863 млн.теңге бөлінді, су құбырының ұзындығы - 33,514 шаршы метр.

 

Мұнайлы ауданының Батыр селолық округінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуға жайғастыру құрылысының жобасының жалпы құны – 869,594 млн.теңгені құрады.

 

Баянды-3 тұрғын үй массивін сумен жабдықтау желілерін салуға 132,737 млн.теңге, С. Шапағатов селосының 5 орамындағы жаңа тұрғын үйлерге газбен жабдықтау желілерін салуға 1194,775 млн.теңге қарастырылған болатын.

 

 Аталған жобаларды ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Нәтижесінде Атамекен, Батыр, Баянды-3 және Жыңғылды елді мекендері толықтай орталықтандырылған су жүйесімен қамтамасыз  етіледі.

 

Сонымен қатар, С.Шапағатов (5 орам) елді мекені толықтай газбен қамтамасыз етіледі,-деді Нұрлан Орынбасаров.

 

Суретті түсірген: «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему