Жаңаөзенде «Қыз жолы» жобасы аясында қыздар конгрессі өтті
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 02:31
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жаңаөзенде «Қыз жолы» жобасы аясында қыздар конгрессі өтті

13 Декабря 2017 (23:39) | 2844 | Автор: Нурганым Имашева

Желтоқсан айының 12 – сі күні Жаңаөзен қаласында «Қыз жолы» жобасы аясында «Бекен» жас көшбасшылар достастығы мен Жаңаөзен қалалық «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің бірлесе ұйымдастыруымен «Қыз жолы» қыздар конгрессі өтті.

 

 

«Бекен» жас көшбасшылар достастығы» ҚҚ-ның директоры Мұқаш Уралбаевтың мәлімдеуінше, «Шараның мақсаты - қыздар арасында әлеуметтік мәселелерді талқылау, жасөспірімдер арасында неке және отбасы құндылықтарын насихаттау, сонымен қатар, мектеп бітіруші қыздарға кәсіптік бағыт-бағдар беру».

 

Қыздар басқосқан жиын «Маман кеңесі», «Өмірлік бағдар», «Білгенге маржан» деп аталған үш бөлімнен тұрды, тарқатып айтсақ, «Маман кеңесі», – білім және медицина мамандарының кеңесін қамтыды. «Өмірлік бағдар» -қыздарымызбен сыр шертуді, құпия бөлісуді көздеді.

 

Ал «Білгенге маржан» бөлімі білгенімен бөлісуді мақсат тұтты.

 

 

Жиын барысында ұлағатты ұстаз, «Диана» жекеменшік балабақшасының директоры Болатбаева Марал Аманқосқызы қыздар тәрбиесіндегі қоғамның рөлі туралы келелі әңгіме қозғаса, 5 баланың анасы, №2 Жаңаөзен қалалық емханасы директорының орынбасары Аминова Қымбат Аминқызы бүгінгі күні қоғамның трагедиясына айналған «ерте жүктілік» мәселесін қозғды.

 

Отырыстың екінші бөлімінде «Кербез» онлайн клубының жетекшілері семинар ұымдастырды.

 

 

«Кербез» онлайн клубының құрылтайшы директоры, өнертанушы Кемелхан Ақмарал Әлмембетқызы «Нәзік миссия» тақырыбына әңгіме өрбітті. Жиналғандарға арнап психолог, сарапшы маман Бекиева Лаура Әзірбайқызы қозғаған «Әйел энергиясы – әлемді құтқарушы күш» тақырыбындағы ақыл-кеңестер терең ой салды.

 

Сонымен қатар, экономист, кәсіпкер,"Кербез" онлайн клубының даму жөніндегі директоры Марқабаева Эльмира Нұрадинқызы «Ішкі «мен» сыбырлайды» тақырыбында пікір алмасуды ұсынды.

 

Шараның «Білгенге - маржан» бөлімінде Түпқараған аудандық келіндер сайысының жеңімпазы, әлеуметтік желінің белсенді қолданушысы Лепесбаева Мадина өзінің келіндік өмірі туралы қатысушылармен сыр бөлісті.

 

Жиын соңында сөз алған жоба авторы, «Бекен» жас көшбасшылар достастығы» ҚҚ-ның директоры Мұқаш Бекенұлы:

 

 

-Бұл жоба - менің інілік қамқорлығым мен ағалық назымнан туындаған жоба. Мен бұл жоба арқылы қаракөз қарындастарымның арасындағы мәселелерді талқылауды көздейтін ашық, еркін пікір алаңын ұйымдастыруды көздеймін. Оларға өмірлік және кәсіптік бағыт-бағдар беру арқылы болашақтарының жарқын болуына септігімді тигізгім келеді, - деген ойымен бөлісті.

 

Жаңаөзен қаласының 300 – ге жуық студент қыздары бас қосқан шара соңында қатысушылар мамандарға өздерін толғандырған сауалдарын қойып, оларға тұшымды жауап алды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему