Балаларға стационарлық көмек көрсетуге дағдыланды
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 10:45
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Балаларға стационарлық көмек көрсетуге дағдыланды

11 Декабря 2017 (20:37) | 3019 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облыстық балалар ауруханасы қабылдау бөлімі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Балалар шағындағы ауруларды ықпалдастыра жүргізу» бағдарламасы аясында семинар ұйымдастырды. «Балаларға стационарлық көмек көрсету» тақырыбында өткізілген шараға қабылдау бөлімінің мейірбикелері мен кіші медицина қызметкерлері қатысып, шеберліктерін шыңдап, білімдерін толықтырды.

 

 

-Мұндай семинар біздің бөлімде әр ай сайын ұйымдастырылады. 5 жасқа дейінгі балаларға қалай жедел көмек көрсетілуі тиіс, бізден көмек сұрап келген балаларға қалай дұрыс іріктеу жасауымыз керек деген мәселелерді қамтимыз.

 

Негізінде бізге келетін балаларға үш этап бойынша көмек көрсетеміз яғни, шұғыл белгілері бойынша, жолдамамен келетіндер бойынша және жарақат алғандарға этап бойынша көмек көрсетіледі.

 

Бүгінгі семинарда барлығына түсінікті болу үшін біріміз - мейірбике қызметін атқарып, енді біріміз - ата-ананың рөлін сомдап, тағы біріміз - кіші медицина қызметкері (санитарка) болып, муляжды бала деп алып, соған көмек көрсеттік.

 

Тәжірибемізбен бөлісіп, еркін пікір алмастық. Жалпы қабылдау бөлімінің құрамына педиатрлық кабинеті мен жарақаттану пункті кіреді. Күніне біздің бөлім 100-ден астам балаға көмек көрсетеді,-дейді қабылдау бөлімінің меңгерушісі Нұргүл Арықова.

 

Сурет автордыкі 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему