Әлеуметтік маңызды кешендер ашылды
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 14:01
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Әлеуметтік маңызды кешендер ашылды

4 Декабря 2017 (10:01) | 2114 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысында Тұңғыш Президент күні әлеуметтік маңыздағы бірнеше кешен қолданысқа берілді. Жаңа ғимараттар Маңғыстау ауданында орналасқан. Шетпе ауылында жастардың сүйікті асын әзірлейтін дәмхана, техникалық қызмет көрсету орталығы, жылыжай және 50 орындық балабақша ашылды. Кәсіп иелері -«Бастау бизнес» деп аталатын мемлекеттік бағдарлама шарапатын көрген ауыл тұрғындары.

 

 

Маңғыстау ауданының орталығы Шетпе тұрғындары ұлық мерекені толымды табыстармен атап өтуді дәстүрге айналдырған. Ақтаудан шалғай ауыл азаматтары төрт түлік өрістетіп, кәсіп ашып, тасын өрге домалап отыр. Мемлекеттік бағдарламалар аясында берілетін қолжетімді несиеге кәсіпорын, әлеуметтік нысандар салып, бизнес ашқан кәсіпкерлер кемінде үш адамды жұмыспен қамтып келеді. Сәйкесінше, ауылдың ажары артып, тұрмысы жақсарған.

 

Тұңғыш Президент күніне орай бөбекжай ашып, халық ықыласына бөленген кәсіпкер Алтынгүл Қауқарова 14 ауылдасын тұрақты жұмыспен қамтып отыр. 50 орындық балабақша ғимаратын жаңғыртып, қажетті құрал-жабдығын сатып алуға 10 млн теңге несие алған. Мектепке дейінгі білім беру мекемесінде тәрбиеленушілер сурет салып, ағылшын тілін меңгеріп, ән-күй сабақтарына барып жүр.

 

Алтынгүл Қауқарова, кәсіпкер:

Мектеп жасына дейінгі балаларды қамтуға арналып, білім беруге, тәрбиелеуге арналып ашылып жатқанына өзім қатты қуаныштымын. Жиырма шақты адамды жұмыссыздықпен күрес орталығынан алып жатырмыз.

 

 Жақсы білікті мамандарымыз да бар. Бұл жерде екі топ болады. Ясли - 3 жасқа дейінгі балалар, екінші тобымыз 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар қамтылады.

 

 

 

Ауыл халқы енді қолдана бастаған кәсіптің бірі - жылыжай ашу. Тұңғыш Президент күніне орай ішкі нарықты қолжетімді бағадағы көкөніс, жеміс-жидекпен жыл он екі ай қамтуға қауқарлы кәсіпорындар қатары тағы бір кешенмен толықты.

 

 

Бизнесмен мақсатына жету үшін 6 млн теңге жұмсап, озық үлгідегі қондырғыларды туған жеріне жеткізген. Қазір мұнда қызанақ пен қияр өсіріліп жатыр. Жылыжайдан жылына екі рет 7,5 тоннадан өнім жиналып алынады.

 

5 адамды жұмысқа алған кәсіпкер келешек тағы бір жылыжай салуды жоспарлап қойған. Ауылдағы дүкендерде жоқ көкөніс пен жеміс түрлері өсірілетін кешен құрылысының бірінші кезеңі аяқталуға жақын.

 

Нұрсұлтан Шамдығұл, жас кәсіпкер:

-Біздің отбасыда жылыжаймен айналысып көрген адам жоқ. Сондықтан интернеттен қарап, әркімнен сұрап, осы кәсіпті бастадық.

 

 

 

Тамшылатып суару жүйесімен суарылады. Ондай көп су да кетпейді. Жылыжай іші жылы болғандықтан бу болып төбеге жабысып тұрады, кешке температура түскен кезде жерге тамшы болып тамады. «Жасанды жаңбыр» десек те болады. Күніне орта есеппен 20 келі қияр, 20 келі қызанақ алынады. Оны ауыл ішіндегі дүкен, базарларға өткіземіз.

 

 

Биылғы көктемнен бері жеке кәсіп ашуға баулитын бизнес сабақтарға Маңғыстау ауданынан 200-ден аса адам қатысқан. Нәтижесінде, 50-ге жуық ауыл тұрғыны бизнес ашып табысқа кенеліп отыр. Қолданыстағы кәсібін дамытқан азаматтардың саны бұдан да көп. Келешек бұл көрсеткіш бірнеше еселеп өсеріне күмән жоқ!

 

Жағымды жаңалықты Маңғыстау облысының кәсіпкерлер Палатасының баспасөз қызметі жолдады.

Суреттерді түсірген Маңғыстау облысының кәсіпкерлер Палатасының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему