Ақтауда үстел теннисінен жарыс өтті
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 23:23
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда үстел теннисінен жарыс өтті

2 Декабря 2017 (23:07) | 3161 | Автор: Нурганым Имашева

1 желтоқсан –ҚР тұңғыш Президенті күніне орай облыс орталығындағы «Маңғыстау-Арена» спорт кешенінде үстел теннисінен «Гран-При» жүлдесіне арналған жарыс өтті. Аталмыш сайыс аймақта алғаш рет өткізілді.

 

 

Турнирді облыстық теннис федерациясы, Маңғыстау облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы, Маңғыстау облысының әкімдігі және «Ардагерлер Одағы» РҚБ (Тәжік-Ауған шекарасындағы әскери жанжалдар және ұрыстарға қатысушылар одағы) бірігіп ұйымдастырды.

 

Тәжік-Ауған шекарасындағы әскери жанжалдар және ұрыстарға қатысушыларының бірі, «Ардагерлер Одағы» РҚБ төрағасы, гвардия-подполковнигі Мұрат Мұхамеджанов:

-Бұл турниргеМаңғыстау облысының тұрғындары: ардагерлер, жастар- қыздар, жігіттер –барлығы қатысуда. Біз бұл жарысты ұйымдастыру арқылы жастарымызды саламатты өмірге тәрбиелегіміз келеді.Маңғыстау облысының әкімдігі бізге қолдау көрсетуде. Болашақта теннис орталығын салып беруге уәде етіп отыр.

 

Бүгінгі жарыстың жүлде қоры 550 000 теңге: І орынға-300 000 теңгемен Кубок, ІІ орынға - 150 000 теңге, ал ІІІ орынға – 100 000 теңге беріледі,- деп мәлімдеді.

 

Маңғыстау облыстық үстел теннисі федерациясының вице-президенті Мусаев Вячеслав Аркадьевичтің айтуынша, «Қазіргі таңда бұл спорт түрімен Ақтау қаласында 100-ге жуық адам айналысуда.Федерацияның құрамындағы үстел теннисінің орталығы Ақтаудың 22 шағынаудандағы «КатКаз» ғимаратындағы кеңсесінде орналасқан.

 

 

Маңғыстау облыстық үстел теннисі федерациясы 2014 жылы тіркеуден өтті. Содан бері облыста осы спорттың дамуы үшін біршама шаралар өткізіліп келеді. 2015 жылы теннис ардагерлерінің республикалық Чемпионаты өтсе, 2016 жылы  - Тәжік-Ауған шекарасындағы әскери жанжалдар және ұрыстарға қатысушыларының турнирі ұйымдастырылған болатын. Ал биылғы жылы бүгінгі турнирді өткізіп отырмыз.

 

Бүгінгі жарысқа аудан-қала турнирлерінде үздік танылған 32 қатысушы іріктеліп алынған. Жарыс олимпиадалық жүйеде өтеді».

 

-Бұл жарысты ұйымдастырудағы біздің мақсатымыз – жастарды салауатты өмір салтына, белсенділікке баулу. Өскелең ұрпақты отансүйгіш рухта тәрбиелеу. Осы спорт түрінің Маңғыстауда дамуын насихаттау, -дейді облыстық теннис федерациясы кеңесінің мүшесі Исламғалиева Раушан.

 

 

Жарысқа қатысушылардың арасынан жасы да, үлкендері де ойынға құлшына кірісіп, беріле ойнап жатқандарын көргенде, көңіліміз марқайып қалды. Жанкүйерлер қатарында да жас ұрпақтың көп болғаны көз қуантты.

 

-Өзім 7 сыныптан бері осы үстел теннисімен шұғылданып келемін. Спорттың осы түрін бала кезімнен қатты жақсы көретінмін. Жоғарғы сыныптарда оқып жүрген кезімде облыстық, аудандық жарыстардың талай рет жеңімпазы атандым.

 

Қазір өзімнің үш перзентімді де осы үстел теннисін жақсы көріп, айналысуға өзім үлгі болудамын. Екі қызым – Аққу (8 жаста) мен Алтыншаш (15 жаста) Темірхановалар облыстық үстел теннисінің федерациясының құрамасының белсенді мүшелері. Үшеуміз де теннистен әйелдер командасындамыз. Ұлым Темірханов Нұртай – осы Федерацияның видеомонтаж операторы.

 

Туған інім Райымбектің 7 жасар қызы Рианна мен 5 жасар ұлы Радмир Мұстафа да теннис спортына қызығады. Ағам – Исламғалиев Роман – армрестлинг және гір спорты федерациясының президенті.

 

 

Яғни, жанұямызбен толықтай спортпен айналысамыз. Теннистің біздің облысымызда дамуына өз үлесімізді қосуды мақсат етудеміз, оның өркендеп-дамуы үшін үстел теннисін өскелең ұрпаққа насихаттауға атсалысқымыз келеді, -деген Исламғалиева Раушан Мұстафақызы өзінің үстел теннисін жанындай сүйетінін жеткізді.

 

Жарыстың қорытындысында І орынды  - Рамазанов Есенгелді Мақатайұлы жеңіп алды (жүлде-Кубок пен 300 000 теңге), ІІ орынға - Жақсылықов  Бақытбек Жаксылықұлы (Тәжік-Ауған шекарасындағы әскери жанжалдар және ұрыстарға қатысушы-ардагер) көтерілді (150 000 теңге). Ал ІІІ орын  - Түлекбаев Қуанышбек Алтынбекұлына (100 000 теңге) бұйырды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему