Ақтауда ҚР кәсіподақтар Федерациясының Кубогы үшін  ІІ-ші республикалық дебат турнирі басталды
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 07:38
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда ҚР кәсіподақтар Федерациясының Кубогы үшін ІІ-ші республикалық дебат турнирі басталды

30 Ноября 2017 (11:05) | 2205 | Автор: Нурганым Имашева

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті   күніне орай, 29 қарашада облыс орталығында Маңғыстау облысы кәсіподақтар орталығы, «Келешек» кәсіподақ жастар қанатының ұйымдастыруымен ҚР кәсіподақтар Федерациясының Кубогы үшін ІІ-ші республикалық дебат турнирі бастау алды. 2016 жылы алғаш рет Қостанай қаласында өткен турнирдің жеңімпазы атанған маңғыстаулық команда болғандықтан биылғы ІІ-ші республикалық дебат турнирі Ақтауда өтуде. Сайыс 2 күнге созылмақ.

 

 

Маңғыстау облысы кәсіподақтар орталығының төрағасы Қайрат Жанабеков:

-Бұл пікірсайысты ұйымдастырудағы біздің басты мақсатымыз – Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау, еңбекшілердің құқықтары жөніндегі мәселелерін, мүддесін кәсіподақ арқылы қалай шешуге болады, кәсіподақтың беделін қалай арттыруға болады деген мәселелерді қарастыру.

 

Екінші рет өткізіліп отырған республикалық дебат турнирі ҚР кәсіподақтар Федерациясының Кубогы үшін ұйымдастырылып отыр. Оған еліміздің 7 қаласынан: Астана, Шымкент, Орал, Қызылорда, Қостанай, Ақтөбе, Павлодардың өкілдері қатысуда. Сонымен қатар, Маңғыстау өңірінің 20-ға жуық кәсіпорындарының да өкілдері қатысып жатыр.

 

 

 Турнир жоғары деңгейде өтеді деген ойдамыз. Қатысушылардың дайындықтары өте жақсы. Қызу тартыс болып жатыр. 30-шы қарашада дебаттың қорытындысы шығарылады. Ауыспалы Кубокты ұтқан командаға береміз.Осы жолы ұтқан команда қай қаладан, сол жерде келер жылғы турнир өтетін болады,- деп мәлімдеді.

 

Шараның ашылу салтанатына Маңғыстау облысы әкімдігінің өкілдері, аймақ кәсіподағының ұзақ жылдар бойы басшысы болған, кәсіподақ ардагері Санатбай Масатов, облыстық мәслихаттың депутаты А.Өрісбаев, «ЖасОтан» ЖҚ МОФ төрағасы Ә.Нұров, «Келешек» кәсіподақ жастар қанатының мүшелері, жұмысшы жастар, жас мамандар кеңесі, жастар ұйымдары, орталықтары және БАҚ өкілдері қатысты.

 

Сөз кезегі ұсынылған кезде 1973 жылы облыста бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылған кезде «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ мұнайшыларының кәсіподақ ұйымын басқарған, қазір 75 жасты алқымдаған, ардагер-мұнайшы, Социалистік Еңбек Ері Масатов Санатбай ақсақал:

-Жастарымызды елдің болашағы ретінде жан-жақты болуға тәрбиелеуде мұндай шараның атқарар ролі үлкен. Жастар – біздің болашағымыз. Олардың мамандық алуы өз алдына, елінің күйлі-қуатты, жоғары дәрежедегі елдердің қатарында болуына өз үлестерін қосып, көп қызмет жасауы керек жастар. Себебі, жасы үлкендердің заманы өтті. Қазіргі заман – жастардыкі. Қоғамымыз, Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай, жаңғыру үсітнде.

 

 

 

Еліміздің дамуы жолындағы маңызы зор шараларды іске асыру үшін жастарды жұмылдыру қажет. Жастар кез-келген шараларға ұйытқы болуы керек. Үйренгендерін елге таратуы керек, үйретуі керек. Жастар білімді болуға ұмтылуы тиіс.

 

Қазір кәсіподақта жұмыс істеп жүрген жастар бар. Осындай дарынды жастарды кәсіподақ қаржысы есебінен оқыту керек. Әйтпесе болмайды. Жастардың өз мамандығының болуы өз алдына, ал мына ұжымда қалай жұмыс жасау керек, еңбек дауларын қалай шешу қажет, келіссөздерді реттеу, ұжымдық шарттарды қалыптастыр у- осылардың бәріне дайын болу үшін жастарға арнайы білім беру қажет. Ол үшін шама келсе, ҚР Кәсіподақтар Федерациясы тарапынан ЖОО бола ма, жастарға кәсіподақ саласының қыр-сырын меңгертетін бір білім ордасын ашу керек деп санаймын.

 

Себебі 10-15 күндік семинарлар, жарты айлық оқулар нәтиже беруі мүмкін емес. Кәсіподақтың жұмысы шеті де жоқ, шегі де жоқ, қыруар жұмыс. Оны атқару үшін жастарға жақсы білім керек. Ұйымдастыру қабілеттерін шыңдайтын бір жақсы мектептен өтуі тиіс жастар. Сондықтан жастарымызды Кәсіподақ жұмысына жақсылап оқыту керек,- деген өзінің ағалық кеңесін білдірді.

 

Шарада сонымен қатар, облыстық мәслихаттың депутаты А.Өрісбаев сөз алды. Ол Қазақстанда заманауи жаңа технологияларды енгізудің маңызы туралы өз ойымен бөлісті.

 

 

ІТ сарапшы, жеке кәсіпкер, Тимур академиясының басшысы Тимур Бектұр жиналғандарға елімізде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын енгізудің ерекшеліктері, маңызы жайлы әсерлі әңгімеледі.

 

ІІ-ші республикалық дебат турнирі пікірсайысында  «Цифрлы Қазақстан»,  латын қарпі, ұжымдағы еңбек дауларының алдын алу, жас мамандардың қоғамдағы ролі және т.б. ауқымды тақырыптар қамтылуда.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему