Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 03:29
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті

30 Ноября 2017 (09:35) | 1635 | Автор: Нурганым Имашева

2017 жылдың 28 қарашасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті.

 

 

Кеңес отырысына тәртіптік жауапкершіліктері қаралатын тұлғалар, есебі тыңдалатын мекеме басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

 

Күн  тәртібінде 4 мәселе қаралып тиісті шешімдер қабылданды.

 

Олар, Жаңаөзен қаласына қарасты Рахат ауылдық округінің әкімі Б.Нуржауовқа және оның орынбасарлары М.Сатбергенов пен Т.Шаудирбаевқа, Маңғыстау аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Н.Жанбуршиевке, Маңғыстау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы Б.Нуралиевке қатысты қозғалған тәртіптік істер.

 

Сондай-ақ, мемлекеттік  қызмет,  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл заңнамаларының және әдеп кодексі талаптарының орындалысы жөніндегі Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы С.Қалдығұлдың есебі тыңдалды.

 

Кеңесте алғашқы болып, Маңғыстау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының  басшысы Б.Нуралиевкеқатысты тәртіптік іс тыңдалды. Алайда тексеру құжаттарының  қазіргі таңда сотта қаралуына байланысты, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тәртіптік іс бойынша шешім қабылдау кейінге қалдырылды.

 

Келесі іс  Жаңаөзен қаласына қарасты Рахат ауылдық округінің әкімі Б.Нуржауовқа және оның орынбасарлары М.Сатбергенов пен Т.Шаудирбаевқа қатысты қаралды.

 

Аталған лауазымды тұлғалар, мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық комиссия мүшелері ретінде «Рахат» ауылы көше жарығына техникалық қызмет көрсету» сатып алуына қатысқан 4 әлеуетті өнім берушілердің құжаттарын конкурсқа қатысуға негізсіз жібермеген. Осылайша олардың заңды құқықтарына кедергілер жасалған.

 

Бұл заңбұзушылық мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық деп танылып, кеңес мүшелерінің шешімімен лауазымды тұлғалардың әрқайсысына «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жазалар қолдануға жатады деп табылды.

 

Бұдан кейін, кеңесте Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасында мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамаларының және әдеп кодексі талаптарының орындалысы жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы  С.Қалдығұлдың есебі тыңдалды.

 

Мекеме басшысының міндетін атқарушы соңғы жылдағы атқарылған жұмыстардың қорытындысымен кеңес мүшелерін таныстырып өтті.

 

Есептің соңында, алдағы уақытта орындалуы тиіс бірқатар жұмыстар мен атқарылатын шаралар жөнінде ұсыныстар қабылданды.

 

 

Күн тәртібінде соңғы болып, Маңғыстау аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Н.Жанбуршиевке қатысты тәртіптік іс қаралды.

 

Аталған мекеме басшысы тиісті құжаттың рәсімделмеуіне қарамастан,  ағымдағы жылдың сәуір айында бірнеше күн жұмыста болмаған. Соған қарамастан, өзі мекеме басшысы ретінде еңбек күндерін есептейтін табельге толық сағаттарын енгізіп, қолын қойған. 

 

Бұл, деректер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің тексерісі кезінде анықталған.

 

Әдеп  жөніндегі кеңес мүшелері тәртіптік іс құжаттарын зерделей келе, сонымен бірге мәжіліске қатысқан Маңғыстау ауданының әкімі мен басқа да лауазымды тұлғаларын тыңдап, аудандық құрылыс бөлімі басшысының іс-әрекетінде заңбұзушылықтар орын алған деп тапты.  

 

Анықталған заңбұзушылықтың ауырлығын және бюджетке келтірілген шығынның өндірілгенін ескере отырып, қызметші Н.Жанбуршиевке «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолдану туралы шешім қабылдады.

 

-Жоғарыда аталған шешімдер мекеме басшыларына орындау үшін жолданып, олардың орындалысы жөнінде алдағы уақытта қосымша хабарланатын болады,- делінгенҚазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысындағы Департаментінің баспасөз қызметі жолдаған ақпаратта.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему