Бала сатқандар сотталды
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 12:31
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Бала сатқандар сотталды

28 Ноября 2017 (10:48) | 1625 | Автор: Нурганым Имашева

Қазіргі таңда қоғамда бала сату фактілері жиілеп кеткені жасырын емес. Бұл құбылыстың өзіндік әлеуметтік және өзге де себептері байқалады. Жақында ғана үздіксіз тексеру амалдарының нәтижесінде осындай кезекті бір фактінің беті ашылған болатын.

 

 

Тергеу барысында анықталғандай Ақтау және Астана қалаларының үш тұрғыны бірнеше азаматқа заңсыз бала сатып алып берген.

 

Аталған қылмыс 2015 жылдың ақпан айында орын алған. Қылмысқа жауапты адамдар өздерінің заңсыз әрекеттерін мынадай жолмен жүзеге асырғаны дәлелденді. Олар өзара сөз байласып, Астана қаласында жаңа туған нәрестелерді Ақтау қаласының тұрғындарына сатумен айналысқан. Бағасын 500 000-600 000 теңге көлемінде белгілеген.

 

Қай кезде де қылмыстың өтеуі – жаза. Осылайша олар құрықталып, аталған факт Маңғыстау облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Нәтижесінде сот органы 2017 жылғы 31 тамыз күні күдіктілерге Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 135-бабы 2-бөлігі 1,2,12-тармақтарына сәйкес жаза тағайындады. Тарқатып айтқанда, белгіленген жаза кәмелетке толмағандар саудасы үшін, оның ішінде бірнеше мәрте адамдар тобының алдын-ала сөз байласып дәрменсіз күйдегі нәрестені сатып алу және сату фактілеріне қолданылады. Осы қылмыстық іске қатысы бар кінәлілер тиісті жазаларын алып, сонымен қатар мүліктері тәркіленіп, бас бостандықтарынан айырылды. Осы ретте сот аталған адамдардың өз жазаларын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемелерінде өтеу туралы үкім шығарғанын да айта кеткен жөн.

 

Ата Заңымызда мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп айқындалған. Сондықтан кәмелет жасқа толмаған кез келген бала қоғамның маңызды байлығы ретінде лайықты өмір сүруге құқылы.

 

Қазіргі жағдайларға назар салатын болсақ, бала сату фактісі біз өмір сүріп отырған қоғамның үлкен қасіретіне айналып отыр. Осыған байланысты азаматтар мен құқық қорғау органдарының мұндай қылмыстардың жолын кесу мақсатында бірлесе жұмыс атқаруы аса маңызды.

 

Осыған орай Ақтау қаласының тұрғындарын адам өміріне деген ортақ жауапкершілікті сезіне отырып, аталған қылмысқа жолыққан жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабарлауын сұраймыз.

 

Ақтау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Шыңғыс Балтабаев

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему