Маңғыстау облыстық сотының судьялары студенттермен кездесу өткізді
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 16:46
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облыстық сотының судьялары студенттермен кездесу өткізді

28 Ноября 2017 (10:19) | 2108 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау студенттері қылмыстық процестік және құқық қорғау қызметінің басқа да аспектілерін жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан реформалармен таныстырылды.

 

 

Өзара ынтымақтастық жөнінде 2017 жылғы 30 наурызда қол қойылған екі жақты меморандум аясында Маңғыстау облыстық сотының судьялары Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік университетінің профессор-оқытушыларымен және студенттермен кездесу өткізіп, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасындағы жаңалықтарды түсіндірді.

 

 

2017 жылдың басында облыстық сот пен мемлекеттік университет арасында қол қойылған ынтымақтастық жөніндегі меморандумда қаралған мақсат-міндеттер негізінде судьялар қауымдастығы студенттермен де, оқытушылармен де тұрақты түрде тақырыптық кездесулер өткізіп, ел заңнамаларындағы жаңашылдықтарды түсіндіріп келеді.

 

Кездесуде облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы міндетін атқарушы Сәуле Өмірболатова сот төрелігін одан әрі жетілдіру мақсатында жүргізіліп жатқан және алда күтіп тұрған қылмыстық процестік реформалар мен азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстарды таныстырды. Ол жаңадан енгізілген тергеу судьясы, алдын ала тергеу амалдарын жедел жүргізу, әділ сот ісін жүргізу және басқа да институттар өздеріне артылған сенімді ақтап келе жатқанын, реформаның негізгі тетігі – сот, прокуратура және қылмыстық тергеу органдарының өкілеттіктерін саралау екенін атап айтты. Кездесу барысында студенттер жаңа заң жобасында күдіктіні ұстау мерзімін 48 сағатқа дейін төмендету, барлық тергеу әрекеттерін санкциялауды тергеу судьясына беру, қылмыстық істердің кейбір санаттары бойынша алдын ала тергеу сатысын оңайлату, бұйрықтық өндіріс институтын енгізу туралы жаңалықтармен танысты.

 

 

Баяндаманы қорытындылай келе, Сәуле Өмірболатова студенттермен өткен кездесу оларға жан-жақты әрі кәсіби тұрғыда қылмыстық процесті жетілдіру бойынша елде жүргізіліп жатқан реформалармен танысып, заңнамалардағы жаңашылдықтарды танып-білуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему