Ақтаулық оқушы Президенттік олимпиаданың жеңімпазы атанды
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 05:25
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық оқушы Президенттік олимпиаданың жеңімпазы атанды

22 Ноября 2017 (19:49) | 2557 | Автор: Нурганым Имашева

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Жәңгір Махмутов 7-10 қараша аралығында өткен Х Президенттік олимпиададан алтын медаль иеленді. Сайыста республикадан келген ең үздік 160 оқушы жаратылыстану-математика бағыты бойынша өз бақтарын сынады.

 

 

Олимпиада үш кезеңде өтті - бірінші кезеңге Зияткерлік мектептерден 500-ден астам оқушы қатысты. Екінші кезең республиканың барлық өңірлерінде бір мезгілде онлайн режимінде өткізілді. Сондай-ақ, бұл кезеңде оқушылар эссе жазды. Ал үшінші кезең, Теміртау қаласында өтті.

 

- Олимпиаданың екі күнінде химия, биология, математика, физика пәндері бойынша тапсырмалар берілді. Жарыста жеңуім - мені тыңғылықты дайындаған мұғалімдердің арқасы. Бұл жеңіс солардың жеңісі деп білемін, - дейді Жәңгір Махмутов.

 

Зияткерлер байқауына академик Мұхтарбай Өтелбаев бастаған елімізің белді университетттерінің ұстаздары төрелік етті.

 

Айта кетейік, математика, физика, химия және биология пәндері бойынша өтетін президенттік олимпиада, талантты жастарды анықтау және қолдау бағыттарының бірі.

 

Олимпиаданың негізгі идеясы - қазақстандық оқушылардың ғылым және математика пәндеріне қызығушылығын кеңейту, оларды патриотизм рухында тәрбиелеу. Шара ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылды.

 

Сондай-ақ, Жәңгір Махмутов, 11-сынып оқушысы Нұрдәулет Мараловпен бірігіп «Hello Tourist» жобасын жасақтауда. Команда Астанада өткен Ұлттық инновациялық технологиялар Олимпиадасына қатысып, жобаларын ұсынып та көрді.

 

-«Hello Tourist» жобасы - бұл еліміздің көрікті жерлерін туристерге таныстырып қана қоймайды.Сол жерге баратын көліктердің, аймақта бар тамақтану орындары, ұйықтайтын жерлер туралы ақпарат, байланыс нөмірлері көрсетілген тегін мобильді қосымша және сайттан тұрады.

 

 

Ақпаратты жаңартып, үнемі толықтырып отыруға жағдай жасап жатырмыз. «Қазақстан 2050» қозғалысының ұйымдастыруымен тұңғыш рет өткен олимпиадаға барып, жобамызды таныстырдым, - дейді Нұрдаулет Маралов.

 

Республика бойынша байқауға 200-ден астам адам қатысуға ниет білдірген. Тек соның 55-і ғана іріктеп алынып, түрлі сынақтардан өтті. Мәреге тек 10 оқушы ғана жетіп, Астанада өз жобаларын қорғады. Нәтижесінде Нұрдаулет Маралов пен Жәңгір Махмутов «ШАГ» компьютерлік академиясында бір жыл тегін оқуға сертификат жеңіп алды.

 

Оқушылар жобасын әлі де жалғастырмақ. Зияткерлердің жоба жетекшісі Азамат Туйтиннің сөзінше, бұл - еліміздің көрікті де көрнекі жерлерін дамытуда айтарлықтай үлес қосады.

 

Бұл жағымды жаңалықпен Ақтау қаласыхимия-биология бағытындағыНазарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі бөлісті.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему