Маңғыстау облыстық соты «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 05:21
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облыстық соты «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды

22 Ноября 2017 (10:57) | 2546 | Автор: Нурганым Имашева

Ресми іс-шараға Маңғыстау облыстық сотының төраға м.а. Нұрсапа Примашев пен облыстық соттың судьялары, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалының басшысы Нұрбек Қарасаев пен мекеменің қызметкерлері, соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес мүшелері, облыстың бизнес-қоғамдастықтары мен шағын және орта бизнес өкілдері қатысты.

 

 

Алдымен қатысушылар «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалына жақында ғана тағайындалған Нұрбек Қарасаевты жаңа қызметімен құттықтады.

 

Осыдан соң Нұрсапа Примашев соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес құрамын өзгерту жөніндегі кеңес отырысында өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілі Әмірғали Жанаевтың мүшелікке енгізілгенін айта келе, атқарылған жұмыстар мен алдағы мақсат-міндеттерге кеңірек тоқталды.

 

 

Айта кету керек, бұған дейін облыстық сотта кәсіпкерлер палатасымен және бизнес қауымдастықпен жүйелі жұмыс жүргізу мақсатында мобильді топ құрылып, жұмыс жоспары бекітілген болатын.

 

- Бүгін бизнес саласындағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау мақсатында өзара ынтымақтастығымызды нығайта түсу үшін осы меморандумға қол қойып отырмыз. Бүгінгі күні сот тәжірибесінде салық, банк, мемлекеттік органдарға қатысты дауларда кәсіпкерлердің құқықтары қорғалып келеді. Себебі Елбасымыз Н.Назарбаев кәсіпкерлікті қолдауды күшейтуге үнемі назар аударып, кәсіпкерлік бастаманы ынталандыруға, өз ісін ашам деушілер мен жұмысын кеңейтемін деген азаматтарға жеңілдетілген несиелер беріліп, кәсіпкерлерді тексеру барысында заң бұзушылықтарға жол бермеуді қатаң тапсырып отыр, - деді Нұрсапа Махамбетұлы.

 

 

Өз кезегінде сөз алған Нұрбек Қарасаев кез-келген жұмысты ашық әрі жариялы түрде жүргізу арқылы қоғамда сенімділік пен абыройды қалыптастыруға болатынын айтып: «Ең маңыздысы, атқарған ісіміздің пайдалы, сапалы әрі нәтижелі болғаны», - деді.

 

Сот реформаларын іске асыру және сол арқылы халықаралық қауымдастықта Қазақстанның көрсеткішін жақсарту мақсатында жүзеге асырылып жатқан ауқымды жұмыстар, оның ішінде «Сот кабинеті» сервисі шеңберінде «Электрондық сенімхат» қызметі әзірленгені, Жоғарғы Соттың Ахуалдық орталығында республиканың барлық сот залдарында процестердің өту барысы қатаң қадағаланып отырғаны, жергілікті соттардың ғимараттарында мобилді ХҚКО ашылғаны қатысушылардың назарына жеткізілді.

 

Екіжақты кездесуде кәсіпкерлердің құқығын қорғау, сот төрелігін мінсіз жүзеге асыру, әділдік пен ашықтықты қамтамасыз ете отырып, тиімді жұмыс жүргізу мәселелері талқыланды.

 

Қатысушылар жақында ғана Жоғарғы Сотта видеоконференцбайланыс арқылы өткен республикалық семинардың кәсіпкерлер үшін маңызды болғанын, алайда уақыт жетіспеушілігіне байланысты көптеген сауалдардың қойылмай қалғанын, сондықтан, алдағы уақытта республикалық деңгейдегі осындай басқосулардың игілікті түрде өз жалғасын табуына мүдделі екендіктерін айтты.

 

 

-Аталған меморандум аясында кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, судьялар мен кәсіпкерлер арасындағы процессуалды емес байланыстарға жол бермеу, сот отырыстарында кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен қарау, сотқа дейінгі және соттан тыс дауларды реттеу, медиациялық тәсілдерді ілгерілету секілді басқа да маңызды жұмыстар жүзеге асырылмақ,- делінген

 

 

Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі жолдаған ақпаратта.      

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему