Ынтымақтастық туралы уағдаласты
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 20:43
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ынтымақтастық туралы уағдаласты

19 Ноября 2017 (14:05) | 1914 | Автор: Нурганым Имашева

Ақтау қаласының прокуратурасы, Ақтау қалалық соты және Ақтау қалалық ішкі істер басқармасы арасында өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандум жасақталды.

 

 

Ақтау қаласы прокуратурасының ғимаратында 17.11.2017 жылы қала прокуратурасының бастамасымен «Қылмыстық процесті оңтайландыру» жобасы аясында Ақтау қалалық соты және Ақтау қалалық Ішкі істер басқармасы арасында үш жақты меморандум бекітілді.

 

Меморандумға Ақтау қаласының прокуроры Тойжан Марат Серікұлы, Ақтау қалалық сотының төрағасыКенжалиев Малик Сабитұлы және Ақтау қалалық ішкі істер басқармасының басшысы Болат Ысқақұлы Ақшауов қол қойды.

 

Ақтау қаласы прокурорының орынбасары Абдуллаев Сұлтан Мұхтарұлының мәлімдеуінше, «Меморандумда көзделген негізгі мақсаттардың бірі - азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы, тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде заманауи аудио-видеобекіту құралдарын пайдалану, жауап алуды ашық кабинеттерде жүргізу, қылмыстық істерді тергеп-тексеру, прокуратура органдарымен зерделеу және сотта қарау, түпкілікті шешім қабылдау мерзімдерін қысқарту.

 

Осы аталған мақсаттардың жүзеге асуы қылмыстық істерді тергеп-тексерудің созбалаңға салыну деректерінің болмауын, соттарға түсетін жүктеменің азаюын, уақыт пен бюджет қаражатының үнемделуін қамтамасыз етеді».

 

-Меморандум бойынша қылмыстық істерді Қылмыстық процестік кодекстегі қылмыстық теріс қылықтарды 3 тәулікте тергеп-тексеру көзделген мерзім 2 тәулікке, жеделдетілген нысандағы қылмыстық істерді тергеп-тексеру 15 тәуліктен 10 тәулікке дейінгі қысқа мерзімде аяқтауға мүмкіндік береді.

 

Ал, прокуратура қылмыстық теріс қылық туралы хаттама түріндегі істерді 6 сағат, жеделдетілген нысандағы істерді 1 тәулікте зерделеуді қамтамасыз етсе, сот іс келіп түскен сәттен бастап 3 тәуліктен кешіктірмей жалпы немесе қысқартылған тәртіпте басты сот талқылауын тағайындау мәселесін шешіп, қылмыстық теріс қылықтарды 1 тәулікте, сотқа дейінгі жеделдетілген тәртіпте түскен қылмыстық істерді 7 тәулік ішінде қарайды,- дейді қала прокурорының орынбасары.

 

 

Ақтау қаласы аумағындағы қылмыстылық жағдайына тоқталған Сұлтан Мұхтарұлы:

-​ 2017 жылдың 11 айында құқық қорғау органдарымен 2435 қылмыстық құқықбұзушылықтар тіркелді (2016 жылдың осы мерзімінде – 3213 қылмыс тіркелген) Қылмыстардың саны былтырғы жылмен салыстырғанда -24,2%-ға азайған.

Қылмыстық құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың кемуіне:

-теріс қылықтардың 336 –дан 317-ге немесе -5,6 %-ға;

-онша ауыр емес қылмыстардың 717-ден 351-ге немесе -51%-ға;

-орташа ауырлықтағы қылмыстардың 1657-ден 1265-ке немесе -23,6%-ға;

-ауыр қылмыстардың 487 - ден 476-ға немесе -2,2%-ға дейін төмендеуі әсер еткен, -деп мәлімдеді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему