«Жастар керуені» Шетпе кентінде
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 05:51
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Жастар керуені» Шетпе кентінде

10 Ноября 2017 (12:27) | 3922 | Автор: Нурганым Имашева

9 қарашада Маңғыстау ауданындағы сапарын Шайыр ауылынан бастаған «Жастар керуенінің» көші түстен кейін аудан орталығы Шетпе кентіне келіп жетті. Облыс орталығынан келген керуен делегациясына жаңадан ашылған «Азамат» спорт кешені таныстырылды. Сыры кеуіп үлгермеген су жаңа кешен өзінің әдемілігімен, спортқа бет бұрғандарға барлық жағдай жасалған жайлы жайларымен, көгілдір суы көздің жауын алған жүзу бассейнімен керуеншілерге жақсы әсер қалдырды.

 

 

Аудандық мәдениет үйіне келген қонақтардың назарына аудан кәсіпкерлерінің жетістіктерін паш ететін кең көлемді көрме ұсынылды.

 

Керуен жұмысы басталған сәтте сахна төріне көтерілген Маңғыстау ауданының әкімі Жармағамбет Қайырмағамбетұлы Айтуаров пен Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының орынбасары Хажгереев Мирлан Сақтағанұлы шараны ашты.

 

 

Маңғыстау ауданының әкімі Жармағамбет Айтуаров:

-«Рухани жаңғыру» аясында істелген жұмыстар мен атқарылған шаралардың бәрі елдің игілігі үшін жасалуда. Оның ішінде жұмыспен қамту бағдарламасы, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар бар - бәрі жастар үшін жасалып жатқан мүмкіндіктер. Сондықтан жастарға айтарым – сіздер алдымен жақсы білім алуларыңыз керек. Елбасының жақсы сөзі бар: «Келешекке - кемел біліммен» деген.  Мектепті жақсы бітірген соң, ЖОО-на түсіп, жақсы мамандықты иеленуіңіз керек.

 

Мемлекет тарапынан жас мамандар да қолдауға ие болуда. «Дипломмен - ауылға» деген жақсы бағдарлама бар, оның аясында жас маман мемлекет тарапынан үймен, қолдау қаржымен қамтылады. Осы бағдарлама аясында біздің ауданнан 200-дей жас маман үймен қамтылайын деп отыр.

 

Қазіргі жастар үшін жасалып жатқан мүмкіндіктер мол. Жастар да өз еліміздің дамуына үлестерін қосып, еңбектенуде деп сеніммен айта аламыз. Бүгінгі шараға қатысуға келген азаматтар осы ретте жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіруге келіп отыр. Баршаңызға алғысымды білдіре отырып, керуен жұмысына сәттілік тілеймін,- деді.

 

 

Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының орынбасары Мирлан Хажыгереев:

-Құрметті жастар, қадірлі достар! Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың қолдауымен ұйымдастырылып отырған «Жастар керуенінің» мақсаты – Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының маңызын елге түсіндіру, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіріп, әдістемелік көмек көрсету. Жастарға үймен қамту, кәсіптік бағдар беру, ІТ технологияларын игеру, тегін кәсіптік білім беру бағдарламаларын түсіндіру, жат діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру. Рухани жаңғыру дегеніміз не? Рухани жаңғыру дегеніміз бұл – сананың жаңғыруы. Ұлттық кодымызды сақтай отырып, жаңа дәуірге, жаңа өмірге бейімделу. ХХІ ғасырда әрбір мемлекеттің байлығы, бұл -  бәсекеге қабілеттілік.

 

Тамшыдай болса да жастарға көмегі болсын деген ниетпен сіздердің ауданыңызға келіп отырмыз. Алдарыңыздағы аға-апаларыңыздың айтқандарынан ой түйіп, жастар, өздеріңізді толғандырған мәселелеріңіздің шешімін таба алсаңыздар, біздің еңбегіміздің зая кетпегені, - деп мәлімдеді.

 

 

Еркін форматта ашық-жарқын әңгімелесу түрінде ұйымдастырылған кездесуге «Рухани жаңғыру» облыстық штабының мүшесі Бақтыбай Жайлау, ережесіз жекпе-жектен спорт шебері Шыңғыс Қайранов,  «Тұрғын үй жинақ банкінің» өкілдері  Майланова Бәлияш, Қаратаев Ахметхан, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасының өкілі Хайруллаев Нұржігіт және «Маңғыстау облыстық Дін істері орталығының» маманы Аталықова Жұлдыз, «Жаңа серпін» орталығының маманы Майра Досниязова,  Қарақия кәсіптік колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Айнұр Сәбиева және ІТ технологиясының маманы, блогер Тимур Бектұр, Маңғыстау ауданының жеке кәсіпкері Абдуллаева Түймеш Базарқызы қатысты.

 

Әр сала маманы өзіне сөз кезегі ұсынылған кезде жастарға ой саларлық дүниелермен бөлісті. Мемлекет тарапынан жастар үшін беріліп отырған мүмкіндіктерді жайып салып, оларды керегіне жарата білуге шақырды. Рухани жаңғыру бағдарламасының мән-маңызы туралы айтылып, «Жаңа серпін» бағдарламасы арқылы жұмыспен қамтылудың бағыттары, тегін кәсіптік білім алу мен кәсіпкерілкті қолдау мүмкіндіктері жайлы ақпарат ұсынылды.

 

 

ІТ технологиялары туралы қызықты мәліметтер ұсынған Тимур Бектұрдың әңгімесін жастар қызыға қабылдады, жас діни ағымдардың жетегіне ілеспеу туралы Жұлдыз Аталықованың ақпараты да жасөспірімдерге біраз нәрселерді ұғындырды.

 

Маңғыстау ауданының жеке кәсіпкері Абдуллаева Түймеш Базарқызы түрік технологиясын қолданып,  нан пісірумен айналысып, табысқа жеткені жайлы айтып, жеке кәсібінде жеткен жетістіктерінің сырымен бөлісті, жастарды өз ісін ашудан қорықпай, мемлекет тарапынан берілген мүмкіндіктерді пайдалана білуге шақырды.

 

Түрлі сала мамандары берген құнды мәліметтер шараға қатысушыларға жақсы әсер еткені байқалды. Жиын соңында «Рухани жаңғыру-Жастар керуенінің» эстафетасы Бейнеу ауданына берілді. Сөйтіп, жастар керуені ертең 10 қарашада Бейнеу ауданына жол тартады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему