«Жастар керуені» Маңғыстау ауданына ат басын тіреді
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 06:36
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Жастар керуені» Маңғыстау ауданына ат басын тіреді

10 Ноября 2017 (12:19) | 1905 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың қолдауымен 1 қарашада Жаңаөзен қаласынан өз көшін бастаған «Рухани жаңғыру-Жастар керуені» бүгін 9 қарашада Маңғыстау ауданының Шайыр ауылына келіп жетті. Керуен делегациясын сән-салтанатымен қарсы алған Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары Махмұтов Ерболат Хабибуллаұлы    және Шайыр ауылының әкімі Бердібек Нұрқожаев  бастаған атқа мінерлер облыс орталығынан келген меймандарды «Шайыр суы» кәсіпорнымен таныстырды.

 

 

Осыдан екі жыл бұрын ашылған, тәулігіне 2000 литр ауыз су өндіріп дайындайтын  кәсіпорын толық автоматтандырылған, цехтары мұнтаздай таза. Кәсіпорын басшысы суды ұңғымадан шығарудан бастап, арнайы желі бойымен келіп мөлдір су болып құтыға құйылғанға дейінгі өнімді дайындау үдерісі туралы әңгімелеп берді.

 

Бұдан соң керуеншілерге Шайыр ауылындағы осы елді мекеннің тумасы аймаққа танымал кәсіпкер Самат Мұсабаевтың салып берген спорт залы таныстырылды. Осы жерде дзюдо күресі мен бокстан жаттығып жатқан жас жеткіншектерге керуеншілер қатарындағы спортшы Шыңғыс Қайранов шеберлік әдістерін көрсетті.

 

Сонымен қатар меймандарға қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдар көрмесі таныстырылды. Ауылдық мәдениет үйінде «Рухани жаңғыру-Жастар керуені» өз жұмысын бастады. Шараны жүргізген Маңғыстау ауданының жастар ресурстық орталығының директоры Аллаберген Қонарбаев сахнаға Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары Махмұтов Ерболат Хабибуллаұлы және Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы бастығының орынбасары Хажыгереев Мирлан Сақтағанұлын жиынды бастау үшін сахна төріне шақырды.  

 

 

Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы бастығының орынбасары Мирлан Хажыгереев:

-«Рухани жаңғыру-Жастар керуенінің»  мақсаты – мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, жұмыспен қамту, жастарға кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік беретін бағдарламаларды таныстыру, «Цифрлы Қазақстан – жаңа технологиялар» мүмкіндіктерімен таныстыру, тұрғын үйге қолжетімдікті арттыру, спортты насихаттау. Осы мақсатта   аға-апаларыңыз сіздерге түсіндіргелі келіп отыр, құрметті жастар.

 

Елімізде рухани жаңғыру бойынша қыруар істер жасалуда, жастық сананы жаңғырту, үштілділік, ұлтаралық конфессиялар арасындағы түсіністік, осының бәрі – әрбір қазақтың бойынан табылуы керек қасиеттер,- деп мәлімдеді.

 

Еркін форматта ашық-жарқын әңгімелесу түрінде ұйымдастырылған кездесуге «Рухани жаңғыру» облыстық штабының мүшесі Бақтыбай Жайлау, ережесіз жекпе-жектен спорт шебері Шыңғыс Қайранов,  «Тұрғын үй жинақ банкінің» өкілдері  Майланова Бәлияш, Қаратаев Ахметхан, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасының өкілі Хайруллаев Нұржігіт және «Маңғыстау облыстық Дін істері орталығының» маманы Аталықова Жұлдыз, «Жаңа серпін» орталығының маманы Майра Досниязова,  Қарақия кәсіптік колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Айнұр Сәбиева және ІТ технологиясының маманы, блогер Тимур Бектұр қатысты.

 

Жастармен кездесуге арнайы келген әр сала маманына сұхбат алаңында сөз кезегі ұсынылды. Спикерлер өзі қызмет ететін жүйе бойынша мемлекет тарапынан жастар үшін берілген мүмкіндіктерді және мемлекеттік бағдарламалар туралы, атап айтқанда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасының өкілі Хайруллаев Нұржігіт жастарды өз ісін ашып, кәсіпкерлікпен айналысуға шақырды, рухани жаңғырудың мән-мағынасына тоқталып өтті. «Жаңа серпін» орталығының маманы Майра Досниязов жұмыссыз жастарды жаңа мамандыққа қысқа мерзімді курстарда оқыту арқылы біліктіліктерін арттыру, «Жаңа серпін» бағдарламасы арқылы жұмыспен қамтылудың ерекшеліктері туралы әңгімеледі. Сонымен қатар, «Тұрғын үй жинақ банкінің» өкілі  Майланова Бәлияш тұрғын үймен қамту бойынша төмен пайызды бағдарламаның берер мүмкіндіктері, мемлекет тарапынан ұсынылар мол мүмкіндіктер арқылы тұрғын үймен қамтылудың аз пайызды несиелер бағдарламалары туралы түсіндірді.

 

 

«Маңғыстау облыстық Дін істері орталығының» маманы Аталықова Жұлдыз жастарды экстремизм мен терроризмді насихаттайтын жат діни ағымдардың ықпалына түсіп, адасудан сақтандырды. Дәстүрлі дінімізге сай ақпараттар, ол туралы қандай сайттардан көріп-оқуға болатыны және жат ағымдардың ақпаратын таратқаны үшін заңмен көзделген жауапкершілік туралы түсіндірді. Жас жеткіншектерді діни сауатты болуға шақырды.

 

Қарақия кәсіптік колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Айнұр Сәбиева жас өрендерге мамандық таңдау барысында тегін кәсіптік білім берудің мүмкіндіктері, оның грантпен оқудан айырмашылығы туралы түсіндіріп, тегін кәсіптік білім беру бағытында оқуға түскен жастардың мәліметтері жұмыспен қамту базасына енгізіліп, оқуын аяқтаған сәтте автоматты түрде жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар екенін айтты. Жұмысшы мамандықтарын таңдаудың артықшылықтарына тоқталды. «Шетпе сулары» кәсіпорнынын  өкілі Серік Исатаев кәсіпорынның мүмкіндіктерімен таныстырып, таза шипалы суды іщуді насихаттады.

 

 

ІТ технологиясының маманы, блогер Тимур Бектұр жиынға қатысушыларға бүгінгі таңда жаңа технологиялардың қарқынды дамуын кешегі күндердегі техникалармен салыстыру арқылы қызықты түрде түсіндіре отырып, жастарды жаңа цифрлы Қазақстанның болашағына сенімді қадам басуға шақырды. «Рухани жаңғыру» облыстық штабының мүшесі Бақтыбай Жайлау жастарға Елбасының бағдарламалық мақаласының әр тарауы бойынша түсінік берді. Ережесіз жекпе-жектен 2016 жылғы спорт шебері Шыңғыс Қайранов жастарға әрбір істе жетістікке жету үшін аянбай тер төгіп еңбектену қажет екенін айтып, өзінің чемпион болу жолындағы қажырлы еңбекке толы әрекеттері туралы әсерлі баяндады.

 

Шара аяқталған соң мәдениет үйінің фойесінде  ауыл тұрғындарына  мамандардың кеңесі ұйымдастырылды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему