«Жастар керуенінің» көші Қарақия ауданына жетті
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 23:03
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Жастар керуенінің» көші Қарақия ауданына жетті

4 Ноября 2017 (12:46) | 2078 | Автор: Нурганым Имашева

«Рухани жаңғыру-Жастар керуені» 3 қарашада Қарақия ауданының Жетібай кентінде өз жұмысын жалғастырды. «Жастар керуенінің» Ақтаудан аттанған құрамы алдымен 1961 жылдың 6 шілдесінде тұңғыш мұнай бұрқағы атқылаған Жетібаймұнай кенорнының тарихына арналған стеллаға тоқтады.Сол жерде өңірдегі іргелі мұнай кенішінің өткенінен сыр шертер мәліметтермен танысты. «Жетібаймұнайгаз» АҚ-ның «қара алтынды» өндіру тарихына арналып жасақталған мұражай ғимаратына бас сұғып, кәсіпорынды әр жылдары басқарған басшылардың суреттері ілінген стендтер, кен орнын алғаш игерудің басында тұрған майталман мұнайшылардың еңбек жолынан хабардар еткен түрлі жәдігерлер, тарихи құжаттармен және мұнай өндіру құрылығысының кішкене үлгісімен танысу арқылы кәсіпорынның бүгінгі таңдағы тынысы туралы мол мағұлматтарға қанықты.

 

 

Бұдан соң облыс орталығынан келген делегация мүшелері ауылдағы «Өнер мектебіне» ат басын тіреді.  Мұнда бүгін «ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері»,«Маңғыстау облысының құрметті азаматы»Маңғыстаудан шыққан тұңғыш дирижер Орын Құлсариев ақсақалдың аймақтың мәдениет саласын дамытуға қосқан еңбегін елге паш етуге арналған арнайы бөлменің ашылу салтанаты жоспарланған болатын.

 

Орын ағаға арналып ашылған бөлменің оң жақ қабырғасына «Өнерге үлкен құрмет» аталған стенд орнатылған. Онда О.Құлсариевтың өнерге қызмет ету жолындағы ерен еңбегі үшін берілген «Алғыс хаттары» мен «Құрмет Грамоталары», дипломдары мен өзге де көптеген марапаттары орналастырылыпты. Орын аға жайлы БАҚ-да әр жылдары жарық көрген мақалалар мен елге танымал мәдениет қайраткерлерінің өнер саңлағы туралы пікірлері және оған берген бағалары бөлменің сол жақ қабырғасындағы үлкен стендке жайғастырылған.

 

Өзіне көрсетілген құрмет үшін алғысын айтқан өнер абызы аймақтың мәдениетін дамытуға қосқан үлесін,  өнер саласына сіңірген ұзақ жылғы еңбегін  елеген ел азаматтарына ризашылығын білдірді.

 

 

Осыдан соң «Рухани жаңғыру-Жастар керуені» өз жұмысын Жетібай кентінің мәдениет үйінде жалғастырды. Ауыл тұрғындарымен еркін форматта әңгімелесу, ақпарат ұсынуға құрылған басқосуды Қарақия ауданы әкімінің орынбасары Ержан Күмісқалиев жүргізді.

 

Жиын басында сөз алған Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Аманғали Нұрдәулетов «Жастар керуенінің» өңір жастары үшін ұсынар мүмкіндіктеріне тоқталып өтті.

 

Ауыл жастарымен кездесуге келген бір топ спикерлерге ашық сұхбат  алаңында сахна төрінен орын ұсынылды.Олардың қатарында «Жаңа серпін» орталығының директоры Қайрат Рысбаев, «Даму» қорының өкілі Ордабек Орынғалиев, «Рухани жаңғыру» облыстық штабының мүшесі Бақтыбай Жайлау, ережесіз жекпе-жектен спорт шебері Шыңғыс Қайранов,  «Тұрғын үй жинақ банкінің» өкілдері  Майланова Бәлияш, Қаратаев Ахметхан, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасының Қарақия ауданы бойынша директоры Көшенов Қилымғали және «Маңғыстау облыстық Дін істері орталығының» маманы Аталықова Жұлдызболды.

 

 

Жастармен кездесуге арнайы келген әр сала маманына сұхбат алаңында сөз кезегі ұсынылды. Олар өзі қызмет ететін саласындағы мемлекет тарапынан жастар үшін жасалып жатқан мүмкіндіктер және мемлекеттік бағдарламаларға тоқталды. «Жаңа серпін» орталығының директоры Қайрат Рысбаев жастарды жұмыспен қамту, жаңа мамандықтарға оқыту, біліктіліктерін арттыру және кәсіптік бағдар берудің Маңғыстау өңірінде ғана бар ерекшеліктері туралы әңгімеледі. «Тұрғын үй жинақ банкінің» өкілі  Майланова Бәлияш тұрғын үймен қамту бойынша төмен пайызды бағдарламаның берер мүмкіндіктері жайлы пайдалы ақпаратпен бөліссе, «Даму» қорының өкілі Ордабек Орынғалиев жастардың өз кәсібін ашуы үшін мемлекеттік «Даму» қоры арқылы ұсынылар аз пайызды несиелер бағдарламалары туралы түсіндірді. «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының кәсіпкерлерге берер көмектері жайлы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасының Қарақия ауданы бойынша директоры Көшенов Қилымғали баяндады.

 

«Маңғыстау облыстық Дін істері орталығының» маманы Аталықова Жұлдыз жат діни ағымдардан сақтану жөнінде жастарға пайдалы кеңестерінұсынды. Интернет-сайттар арқылы теріс пиғылды діни ағымдардың ақпаратын таратқаны үшін заңмен көзделген жауапкершілік жөнінде ескертіп өтті.

 

«Рухани жаңғыру» облыстық штабының мүшесі Бақтыбай Жайлау замандастары-жастарды Маңғыстаудай киелі, қазыналы өлкенің тұнған тарихын зерттеп-зерделеуге үндеді.

 

 

Басқосуға қатысқан ауыл тұрғындары спикерлерге өздерін толғандырған түйткілді мәселелер туралы айтып, жауап іздеген сауалдарын қойып, оларға тұшымды жауап алды.

 

Қарақия аудандық мәслихатының депутаты, белсенді жас Бағылан Исабекқызы Қуандық:

-2016 жылы аудандық мәслихатқа ең жас депутат болып сайландым.

 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы жастарға өзінің көп пайдасын тигізіп жатыр деп ойлаймын. Бүгін ауылымызға «Рухани жаңғыру-Жастар керуені» келіп, ауыл тұрғындарын қуанышқа бөледі. Өзекті мәселелер бойынша көптеген пайдалы мәліметтер алдық. Ең басты проблема – жұмыссыздық мәселесін шешу және жат діни ағымдардан сақтану туралы спикерлер тарапынан құнды ақпарат берілді.

 

Елімізде жастар мәселесіне қатысты осындай ауқымды шаралар билік тарапынан қолдау табуда. Ол үшінбіз өте қуаныштымыз,- деген ойымен бөлісті.

 

Кездесуден соң түрлі сала мамандары ауыл тұрғындарына арнап мемлекеттік бағдарламаларды пайдалану бойынша кеңес берді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему