Маңғыстау дәрігерлері арнайы оқыту курсынан өтті
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 05:13
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау дәрігерлері арнайы оқыту курсынан өтті

28 Июля 2014 (05:47) | 4825 | Автор: Редакция

 

Жуырда облыстық денсаулық сақтау Басқармасында медицина ғылымдарының докторы, профессор С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлтық медициналық университетінің коммуникативтік дағдылар, психотерапия, жалпы және медициналық психология негіздері кафедрасының меңгерушісі, психиатр-дәрігер Асимов Марат Абубакрұлының қатысуымен «Медицина қызметкерлерінің коммуникативтік дағдыларын дамыту және жетілдіру» тақырыбына арналған семинар ұйымдастырылды.

 

Аталмыш шараға облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылық құрамы, медицина мекемелерінің бас дәрігерлері, облыстың емдеу-сауықтыру мекемелерінде қызмет ететін кіші және орта буын медицина қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

 

ҚР денсаулық сақтау министрлігі жоспары аясында Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан мамандардың коммуникативтік дағдыларын дамыту және жетілдіру бағытында аймақтың медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін 14-25 шілде аралығында ұйымдастырылған оқыту үрдісінде Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлтық медициналық университетінің ғалым-оқытушылары дәрістер оқыды.

 

Он күнге созылған курстар барысында Алматыдан арнайы келген 4 оқытушының екеуі Жаңаөзен қаласының 30 медицина қызметкерін оқытса, екеуі ақтаулық 50 медицина маманын оқытты.

 

 

Коммуникативтік дағдылар-бұл дәрігер-науқас, дәрігер-науқастың туысы, дәрігер-дәрігер, дәрігер-медбике, дәрігер-әлеуметтік қызметкер және психолог болып, өзара тиімді әрекеттесуге үйретуге арналған клиникалық пән.

 

- Аталмыш пәнді зерделеу арқылы дәріс тыңдаушылар кешенді теориялық білім алумен қатар стационар ұжымымен өзара тиімді әрекеттесудің оңтайлы технологиясын да меңгереді.

 

Дәрістер кезінде әлеуметтік-психологиялық оқытудың белсенді формаларын пайдалану: лекция-пікірталастар, лекция-пресс-конференциялар, екеуге арналған проблемалық, дамыту лекцияларын қолдану көзделген.

 

Практикалық сабақтар кезінде тыңдаушылардың жеке және кәсіби қасиеттерін зерделеу мақсатымен сауалнама және тестілеу жүргізілсе, сонымен қатар әлеуметтік тренингтер, рольдік және имитациялық ойындардың белсенді формаларын пайдалану көзделеді.

 

Қайта даярлаудың жұмыстық бағдарламасы денсаулық сақтау саласының ұйымдастырушыларымен қатар Бастапқы медициналық санитарлық көмек (БМСК) және стационардағы дәрігерлерге, кіші және орта медперсоналға арналған.

 

Бұл пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері-коммуникативті дағдылардың әдістемесін, теорисы мен практикасын меңгере отырып, тұлғалардың өзара әрекеттесуінің психотерапевтік құрылымын ұғынудың жүйелік көзқарасын қалыптастыру, медициналық қызметте коммуникативті дағдылар жөніндегі білімдер мен дағдыларды терең түсіну арқылы қолдану, тиімді кәсіби бірлескен іс-қимылды ұйымдастырудың тәжірибесін меңгеру болып табылады,-деді медицина ғылымдарының докторы, профессор, психиатр-дәрігер Марат Асимов.

 

Аталған оқу курсынан өтіп, осы тақырып бойынша біліктілігін жоғарылатқан облыстың денсаулық сақтау саласының жұмысын үйлестіруші және БМСК мен стационардың 80 медицина қызметкеріне арнайы үлгідегі сертикифаттар табысталды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему