«Сот кабинеті» сервисі арқылы азаматтарға «Электрондық сенімхат» рәсімдеуге мүмкіндік жасалды
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 22:48
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Сот кабинеті» сервисі арқылы азаматтарға «Электрондық сенімхат» рәсімдеуге мүмкіндік жасалды

28 Октября 2017 (13:50) | 3111 | Автор: Нурганым Имашева

Бүгінгі таңда ҚР Сот жүйесінде озық технологияларды қолданып, халыққа соттың ашықтығы мен қол жетімділігін арттыру мақсатында көптеген істер атқарылуда. Соның ішіндегі соңғы енгізілген жаңалыққа тоқталып өткенді жөн көрдім.

 

 

Қазақстан Республикасының соттарында «Сот кабинеті» сервисінде жұмыс істейтін өтініштердің 32 түрінен басқа оның қосымша жаңа 11 түрлі электронды түрдегі  азаматтық іс жүргізу бойынша арыздар тапсыру және басқа да қызметтерді іске асырады.

 

 Атап айтқанда «Сот кабинеті» сервисі шеңберінде тіркелген пайдаланушылардың сотқа электронды сенімхат жіберулеріне мүмкіндік беретін «Электрондық сенімхат» қызметі әзірленді.

 

 

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабының негізінде (бiр адамның (сенiм бiлдiрушiнiң) өз атынан өкiлдiк ету үшiн екiншi адамға (сенiм бiлдiрген) берген жазбаша уәкiлдiгi сенiмхат деп танылады). Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі 61-бабының 1-бөлімімен сенімхат сенім білдірушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында рәсімдеу қарастырылған.

 

 

Сенім білдіруші сенімхат жасау кезінде іске қатысушы тұлғалардың ҚР Азаматтық процестік кодексінің 46-бабының 1-бөлігінде және 60-бабының, 1, 2-бөліктерінде көзделген негізгі құқығын тізбе түрінде көрсетеді, бұл сенім білдірушіге нақты азаматтық іске қатысу үшін сенім білдірілген тұлғаға ұсынылатын құқықтар  шеңберін анықтауға мүмкіндік береді.

 

ҚР АПК-нің 58-бабының негізінде сенім білдіруші сенімді өкілге:

- бірінші сатыдағы сотта мүддесін білдіру; апелляциялық сатыдағы сотта мүддесін білдіру; кассациялық сатыдағы сотта мүддесін білдіру; талап арыз, шағымдар, өтініштер мен арыздар беру және қол қою; талап қоюдан толық немесе ішінара бас тарту; талапты тану; талап талаптарын ұлғайту және басқа да құқығын сеніп тапсыруға құқылы.

 

 

Бұл ретте, бір іс бойынша  қатысатын сенімді өкілдер саны заңнамамен шектелмеген, сондықтан электрондық сенімхатты бірнеше сенімді өкілге беру қарастырылған.

 

Сенімхат электронды түрде қаралатын бір істің шегінде ғана беріледі, сенімхаттың қолдану мерзімі сот актісінің заңды күшіне енген және құжаттарды орындауға беру уақытымен шектелген.

 

 

Сондай-ақ, «Электрондық сенімхат» қызметінде жоғарыда көрсетілген негіздермен қатар «Сенімхат қолданылуын тоқтату» функционалы да қарастырылған. Яғни азаматтар өзінің белгілі бір тұлғаға берген сенімхатының күшін кез - келген уақытта жоюға мүмкіндік жасалған.

 

Маңғыстау облысы

Ақтау қаласының №2 сотының судьясы

Едіге Бегенов 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему