Арманы алдаған жоқ
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 18:40
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Арманы алдаған жоқ

28 Октября 2017 (13:44) | 2546 | Автор: Нурганым Имашева

1952 жылы 29 қазанда КСРО Министрлер Кеңесінің шешімі бойынша милиция органдарында ведомстводан тыс күзет бөлімдері құрылды. 2017 жылы күзет бөлімінің құрылғанына 65 жыл толу қарсаңында, Маңғыстау облыстық ІІД-нің мемлекеттік күзет қызметі бөлімі 2002 жылы 7 ақпанда ҚРПМ 2001 жылғы 21 қарашадағы №810 бұйрығы негізінде құрылды.

 

 

Бөлімнің негізгі міндеттеріне ІІД-не келіп түскен заңды тұлғалардың өтініші бойынша «лиценция беру, қайта ресімдеу және күзет қызметімен айналысуға лицензияның түпнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсету сапасын, күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналасатын кәсіпкерлік субъектілерінің хабарлама жасау тәртібінің сапасын бақылауды жүзеге асырады.

 

Шындықтың қашан да жүзі жарық, алды кең, үстем. Гүлназ сонау бала кезінен ақиқатқа жүгініп өсті. Әрине, ол ең алдымен ата-анасының тәрбиесі. Ылғи қазіргі заманда уақытпен оқиғалар қайшыласып пікір алуандағы, ұғымдар соқтығысып тынымсыз өтіп жатқаны хак.

 

Гүлназ орта мектепті бітірген соң жүрек қалаумен заңгер болуды армандады. Ол ең алғашқы кызметін көші-қон полициясында бастады. Марқұм анасы Үмітай: «Қарағым, бұл жұмыстың жаупкершілігі үлкен, сен кристалдай таза болуың керек, өз ісіңе берік бол» деп өсиет еткен еді. Одан бері де сан жылдар өтті.Ұжымның ырғақты жұмыс жасауына барынша үлес қосты. Тәртіп сақшыларының белсенді де беделді қызметкері атанды.

 

Гүлназ бұл күндері күзет қызметін бақылау бөлімінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция подполковнигі шеніне дейінгі бел-белестерден өтті. Жұмыс барысында заң талаптарын, ереже, нұсқауларды мүлтіксіз орындау оның негізгі қағидасы. Күнделікті жазылып жататын кұжаттық қағаздарда адам тағдыры шешіліп жатады. Мұнын өзі мол жауапкершілікті, аса қырағылықты талап ететіні сөзсіз. Жан-жағында келімді-кетімді адамдармен де ілтипатпен тіл табысып отырады.

 

Гүлназ қоғамдық өмірге де белсене араласады. Талай рет ҚР ІІМ және Маңғыстау облысы ІІД мақтау-марапаттауларына да ие болып келеді.

 

Жолдасы Ахмеджанов Магфур Сапиұлы екеуі бақытты отбасы. Жанұяда бес бірдей баланы тәрбиелеп өсіріп отырған қадірлі әке, аяулы ана және екі немеренің ардақты ата - әжесі.

 

-Соңғы жылдары заң орындарында, сонын ішінде ішкі істер органдарында кыз-келіншектер қатары көбейіп келеді, мұның өзі біздер үшін мақтаныш, -дейді Гүлназ.

 

Міне, 18 жыл бойы полиция кызметі саласында еңбек етіп, тыныштык күзетшісі болып, арман қанатында самғай ұшып келе жатқан Гүлназ Әзербайжанқызы Қонарбаеваның өмір жолы, өнеге боларлық болмысы осындай. Оны абырой биігіне көтерген ақ-адал еңбегі, адамгершілік қасиеті.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему