Жаңа көліктермен қамтылды
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 02:25
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жаңа көліктермен қамтылды

23 Октября 2017 (09:28) | 1594 | Автор: Нурганым Имашева

Құтқарушылар күні 19 қазан бейсенбіде № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және аварияялық-құтқару жұмыстары қызметінің өрт сөндіру және арнайы техникаларының көрмесі болып өтті.

 

 

- Облыстың кәсіби өрт сөндіру бөлімдеріне өрт сөндіру көліктерінің кілттерін салтанатты табыстау өткізілді. Облыс басшылығы біздің өрт сөндіру бөлімдерінің жауынгерлік есептерінің техникалық жарақтарына аса назар аударатындығын айта кеткен жөн,- деп хабарлайды  Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.

 

Соңғы төрт жылда он өрт сөндіру автокөліктері өзінің жаңа иелерін тапты. Бұл техника өрт сөндіру бөлімшелерінде жауынгерлік кезекшілікке түсу қызметін бастап та қойды. Өрт сөндіру көліктерінің кілттерін облыс әкімінің орынбасары Скаков Максат табыстады. Автокөлікке ие болған: Ақтау қалалық өрт сөндіру қызметінің № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі, Ақтау қаласы № 2 мамандандырылған  өрт сөндіру бөлімі, Бейнеу ауылы № 6 өрт сөндіру бөлімі.

 

-Өрттер мен төтенше жағдайлардың алдын-алу және жоюда айтарлықтай үлес қосқаны үшін, қызметтік міндеттерді үлгілі орындағаны үшін және жедел-қызметтік әрекеттерінде жоғары нәтижелерге жеткендігі үшін, Жер бетіндегі ең құрметті, ең батыр және мейірімді кәсіптің өкілдері құрмет грамоталарымен, медальдермен және алғыстармен марапатталды.

 

 

Құтқару қызметі қызметкерлері тарапынан өрттен құтқару спорты бойынша төртінші қабаттың терезесіне шабуыл сатысымен көтерілуден, құтқару элементтері мен өзіндік құтқару көріністері тамашаланды.

 

Оларға арнап әндер шырқалып, жеке өмірі үшін қауіпті төтеп беруде атқарған күрделі еңбегі үшін құттықтау сөздер мен алғыс және ізгі ниеттер білдірді.  Әрбір күн құтқарушылар тыныштық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, адал және құрметпен өз міндеттерін атқарады. Өзге жандарды құтқаруда өз өмірлерін тәуекелге тіккен құтқарушылардың ерлік танытқан үлгілерін тарих біледі, - делінген Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы жолдаған жаңалық хабарда.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему