Жастар тұрмысы төмен отбасыларына қайырымдылық көмек көрсетті
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 20:59
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жастар тұрмысы төмен отбасыларына қайырымдылық көмек көрсетті

19 Октября 2017 (14:44) | 4663 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысы жастар ресурстық орталығының жастары бүгін 18 қазанда аз қамтылған отбасыларына қайырымдылық көмек акциясын ұйымдастырды.

 



-Бүгін Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Асар», «Өнер», «Білім», «Тағзым» атты 4 бағыттан тұратын «Асар» бағыты бойынша қайырымдылық ізгі шараны өткіздік.



Маңғыстау облысы жастар ресурстық орталығының қолдауымен және «Қамқор-Ақтау» ҚҚ-ның қатысуымен, сонымен қатар Мұнайлы ауданындағы «Дәстүр» мейрамханасының қолдауымен, Жеке кәсіпкер Әденова Ақкүріш апай бізге дәрі-дәрмекпен көмек көрсеткен болатын, осының нәтижесімен көмекке зәру отбасыларына қолымыздан келген қайырымдылық қолдауымызды көрсеттік.

 



Үш отбасыға барып, азық-түлік және балаларына күзгі киім-кешекпен қамту жағынан көмек еттік. «Атамекен» ауылының тұрғыны 4 баласы бар, Қыдырбай есімді азамат, әйелі жоқ, балаларын бір өзі бағып отырған адам. Жалдап отырған үйінің едені де жоқ, жағдайы өте төмен отбасы, сол отбасыға 4 баласына киім-кешек пен азық-түлік апарып бердік.

 

 



«Басқұдық» ауылындағы Қожанова Айсұлу апаның 5 баласы бар, өзі жүрек сырқатымен ауырады, мүгедек. Сол апайдың отбасына азық-түлік және балаларына киімдер апарғанбыз. Апай риза болып, алғысын айтып жатыр. Одан кейін Ақтау қаласының 19 шағынауданында тұратын Пердегүл Дүйсенова есімді азаматшаның отбасына көмек қолын создық. Өзі бүйрегі сырқат, көзі де ауырады екен. Бұл жанұяда 7 бала бар. Оларға да азық-түлік және киім-кешекпен көмектестік.



Мұндай қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да өз жалғасын табады. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, біздің Маңғыстау облысы жастар ресурстық орталығында құрылған ерікті жастар корпусының жастарымен бірігіп бардық. Осы жастардың ұсынысы бойынша осындай ізгі шараны атқардық.

 



Мақсатымыз-қолдан келгенше көмекке зәру отбасыларына қолдау, көмек көрсету. Жастарға айтарым – жақсылық жасаудан жарысайық, қолымыздан келетін көмекті жасаудан тартынбайық. Мұқтаж жандарға әрдайым көмек көрсетуден жалықпайық. Сауапты істен бас тартпайық,- дейді «Қамқор-Ақтау» ҚҚ-ның төрайымы, белсенді жас көшбасшы Кенжегүл Тайғара.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему