Маңғыстаулық балуан Рамазан Мамаев Әлем чемпионы атанды
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 21:31
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық балуан Рамазан Мамаев Әлем чемпионы атанды

16 Октября 2017 (12:31) | 2238 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстаулық балуан, облыстық «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті Рамазан Мамаев самбодан Әлем чемпионы атанды. Қуанышты жаңалықпен Сербиядан балуанды жарысқа дайындаған белгілі бапкерлер Берік Жұмағалиев пен Ерлан Серіков бөлісті.

 

 

Сербияның Нови-Сад қаласында жастар мен жасөспірімдер арасында өтіп жатқан байрақты бәсекеге 50-ден астам мемлекеттің самбошылары қатысып, бақтарын сынауда. Аталмыш жарыста 62 салмақта белдескен жерлесіміз Рамазан Мамаев қарсыластарының барлығын айқын басымдылықпен тізе бүктіріп, Маңғыстаудың тарихында самбо күресінен тұңғыш Әлем чемпионы атанды.

 

-Бұл қазақ еліне соңғы жеті жылдан кейін самбо күресінен келген алтын медаль. Шәкіртіміз биыл рекорд жаңартып, бізге үлкен қуаныш сыйлады. Сербия елінде еліміздің әнұранын әуелетіп, көк байрағымызды желбіретті. Бұдан асқан қандай қуаныш болуы мүмкін?!-дейді бізбен Сербиядан телефон арқылы тілдескен облыстың самбодан аға бапкері Ерлан Серіков.

 

 

Алғашқы белдесуінде Рамазан нидерландық қарсыласын 8:0 есебімен тізе бүктіріп, таза жеңіске жетіп, болгариялық балуанды ауырту әдісімен жеңді. Ақтық сынға жолдама алу үшін тәжікстандық балуаннан 5:1 есебімен айласын асырып, финалда 3:1 есебімен моңғолиялық балуанның уысынан жеңісті жұлып алды. Осылайша, болашағынан үлкен үміт күттіретін ол сенімді және жойқын әдістері арқылы рекордты жаңартып, чемпиондық тұғырға көтеріліп, мойнына алтын алқа тақты.   

 

 

-Бапкерлерімнің, ата-анамның үмітін ақтап, Әлем чемпионы атанғаныма өте қуаныштымын. Қарсыластарымның барлығы да осал болған жоқ.

 

Алайда намысты қолдан бермеуге тырыстым. Жарысқа барарда менде бір ғана мақсат болды. Ол-Әлем чемпионы атанып, еліме алтын медаль сыйлап, өзге елде қазағымның әнұранын асқақтату еді.

 

 

Мені жастайымнан спортқа жетелеп әкелген әкем Қуанышбекке, самбо мен дзюдо күресінің қыр-сырын үйреткен бапкерлерім Манарбек, Берік, Сергей, Ерлан ағайларыма алғыс айтамын. Ендігі үлкен мақсат - Олимпиада шыңын бағындыру,-дейді Рамазан Мамаев.

 

Рамазан Мамаевтың ата-анасы мен бауырлары спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстанады.

 

Әкесі Қуанышбек жастайынан спортқа бет бұрып, бүгінде Шетпе ауылында бірнеше шәкірт тәрбиелеп жүрген білікті бапкер.

 

 

Анасы Айнагүл болса, 2015 жылы Маңғыстау ауданы бойынша «Салауатты жанұяның отанасы» аталымы бойынша үздік танылып, марапатталған.

 

Әулеттің тұңғыш ұлы Наурызбек болса, жастайынан спортпен айналысып, бокстан ҚР спорт шеберіне үміткер атанды, бүгінде мектепте бокстан бапкер болып жұмыс жасайды.

 

 

Наурызбектің ізінен ерген Рамазан дзюдо мен самбодан ҚР спорт шебері, ересектер арасында халықаралық турнирдің жеңімпазы, жастар арасында Ел чемпионы, Азия, Әлем чемпионы, ересектер арасында Қазақстан Кубогының иегері.

 

Үшінші ұл Балтабек те спортқа жақын, І-ші санаттағы футболшы. Бүгінде Астана қаласындағы жоғары оқу орнының студенті.

 

 

Үйдің кенжесі Әділет - бірінші санатты боксшы.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему