Жастарға мүмкіндік сыйлады
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 15:17
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жастарға мүмкіндік сыйлады

10 Октября 2017 (19:20) | 1911 | Автор: Нурганым Имашева

Облыс орталығындағы «Жастар үйінде» «Жас дәурен» және «Безбен» қоғамдық қорларының ұйымдастыруымен жастарға арналған Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының 2017 жылға   әлеуметтік тапсырыстарын жүзеге асыруға бағытталған ауқымды шара болып өтті.

 

Жиын басында сөз алған «Жас дәурен» қоғамдық қорының директоры Әлия Ахметова Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының 2017 жылға  «Жастар арасында жұмыспен қамтуды арттыруға бағытталған іс-шараларды өткізу жобасы» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын орындау барысында  Қордың атқарған жұмыстары туралы айтып өтті.

 

Қор директоры:

-2017 жылдың наурыз айынан бастап Басқарма тапсырысын жүзеге асыру барысында біраз жұмыстар атқарылды. 25 мамырда «Нұр Плаза» мейрамханасында «Бос орындар жәрмеңкесін»  ұйымдастырудың нәтижесінде жастарға түйіндеме дайындау, өз мамандықтарын өзгертіп, қосымша кәсіпті игеру жолдарын таңдау жөнінде консультациялар беріп, жоба бойынша  жұмыссыз жүрген 30 жасты  тегін оқытып, жұмысқа орналасуына көмектестік,- деп мәлімдеді.

 

«Жас дәурен» қоғамдық қорының директоры Әлия Ахметованың айтуынша, жұмыссыз жастардың қатарынан 20 қыз менеджер, тәрбиеші, әкімші мамандықтарына қысқа мерзімді курстарда оқытылып, қазіргі таңда жұмысқа орналастырылған.

 

Ал жігіттерді дәнекерлеуші, электрик мамандықтарына оқыту жүргізіліп, оларды практикадан өткізу нәтижесінде, өздерін жақсы маман болуға дайын екендіктерін байқатқан жастар жұмыспен қамтылыпты.

 

Шара барысында жаңа мамандықты меңгерген жастарға қор директоры  куәліктер мен сертификаттарды табыстады. Басқосуға сондай-ақ Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Аманғали Нұрдәулетов пен  «Ауыл шаруашылығын қаржылық қамту қоры» АҚ-ның МО филиалының несие бөлімінің басшысы Дусенбаева Чолпан Парахатқызы және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының кеңесшісі Орынғалиев Ордабек Сатиманұлы қатысып, жастарға өз кәсібін ашудың қыр- сыры туралы әңгімелей келіп, ол үшін бүгінгі таңда мемлекет тарапынан ұсынылып отырған мүмкіндіктермен егжей-тегжейлі таныстырды.

 

Жұмыссыз жастарға арналған мемлекеттің тарапынан ұсынылатын ауылшаруашылығы бағытындағы өз кәсібін ашуға мүмкіндік беретін несие бағдарламалары, оларды алу тәртібі туралы  «Ауыл шаруашылығын қаржылық қамту қоры» АҚ-ның МО филиалының несие бөлімінің басшысы Дусенбаева Чолпан түсіндірді.

 

Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Аманғали Нұрдәулетов:

-Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының 2017 жылға  «Жастар арасында жұмыспен қамтуды арттыруға бағытталған іс-шараларды өткізу жобасы» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын орындауды «Жас дәурен» ҚҚ ҮЕҰ жүзеге асыруда. Бүгінгі таңда осы  жоба бойынша 50-ге жуық жас жұмыспен қамтылды. Қазіргі таңдағы ең өзекті мәселе – бұл жастардың арасындағы жұмыссыздық мәселесі. Себебі, көптеген жастарымыз оқып, білім алып, дипломдарын қолға алғанмен, жұмыс тәжірибең жоқ деп көбіне жастарды жұмысқа алмайды. Біздің міндетіміз – халық пен билік арасында дәнекер бола отырып, жастарды жұмыспен қамту мәселесінің оң шешілуіне жағдай жасау болып табылады.

 

«Жас дәурен» ҮЕҰ осы жобаны жүзеге асыру барысыгнда жақсы жұмыс жасап жатыр. Жаңа ғана айтқанымдай, олар 50-ге жуық жастың жұмысқа орналасуына себепші болды. Бізде жастар арасында жұмыссыздық мәселесі 2016 жылы 6,6% болса, ол қазір 4% -ға тең. Қазір жастарға арналған мемлекеттік қолдау бағдарламалары көп, Сондықтан, жастар өз кәсібін ашып алса, ешкімге қолын жаймайтын болады. Жастар жұмыстарыңызды жасай жүріп те, өз кәсіптеріңізді  ашып алып, сол арқылы табыс табуға мүмкіндік мол. Тек табыстан салық төлеп отырсаңыздар болғаны, сол арқылы мемлекетіміздің экономикасының дамуына өз үлестеріңізді қосатын боласыздар. Сондықтан сіздерді ешнәрседен қорықпай, тәуекелге бел буып, несие алып, өз кәсіптеріңізді ашуға шақырамын,- деді шараға қатысушы жастарға арнаған сөзінде.

 

Аманғали Сүлейменұлы сонымен қатар, жастарды бір мамандықпен шектеліп қалмай, мүмкіндік туған кезде жаңа мамандықты игеріп, заман талабына сай қоғамда икемделе білудің маңызы зор екеніне тоқталып өтті.

 

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының кеңесшісі Орынғалиев Ордабек жастарға «Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасымен» таныстырып, жылына 6%-дан аспайтын жеңілдетілген несиені «Даму» қорының кепілдігімен алу жолдарын түсіндірді. Ақтау қаласының 16 шағынауданында орналасқан «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорына хабарласуға шақырды.

 

«Жас дәурен» қоғамдық қорының директоры Әлия Ахметова:

-Қараша айында тағы бір «Бос орындар жәрмеңкесін» ұйымдастыру ойымызда бар. Жастар лагерін ұйымдастыруды қолға алсақ дейміз. Еріктілер корпусын құрғымыз келеді. Алда «Жаңа серпін» бағдарламасы арқылы 20 жасты белгілі бір мамандыққа оқыту жоспарымыз бар. Көбіне-көп ауыл жастарын жұмыспен қамтуды мақсат етеміз. Өзіміз тұрып жатқан Мұнайлы ауданында жастарға арналған шараларды көбірек жүргізуді көздеп отырмыз,-дей келе өзі басқарып отырған Қордың алдағы жоспарларына тоқталып өтті.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему