Ұстаздарды қуантты
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 12:18
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ұстаздарды қуантты

10 Октября 2017 (10:25) | 2423 | Автор: Нурганым Имашева

Жаймашуақ күздің екінші айы келіп жетісімен-ақ жыл сайын елімізде қазанның бірінші жексенбісінде ұстаздардың төл мерекесі аталып өтіледі. Биыл да сол тамаша дәстүр өз жалғасын тапты. Жуырда Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінде Ақтау қаласының түрлі білім ошақтарында шәкірт тәрбиелеп, жас буынның санасын сапалы білім нәрімен сусындатып жүрген ұстаздар мен мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінде бөбектерді тәрбиелеп, мектепке даярлау ісімен айналысушы тәрбиешілер қауымына арналған салтанатты шара ұйымдастырылды. Жиында ұстаздардың құрметіне арнайы құттықтаулар айтылып, мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды.

 

 

Мерекелік кештегі өнер көрсетушілер М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы өнерпаздарының ұжымы ұстаздарға арнап әдемі бағдарлама дайындапты. Орта мектептердің ұстаздары мен балабақша тәрбиешілеріне бір кешті арнаса, екінші кешті арнайы кәсіби колледж ұстаздарына арнаған өнерпаздар қауымы аянып қалмады.

 

Салтанатты кештің шымылдығын дирижер Бауыржан Көбенғалиевтің жетекшілігімен Абыл Тарақұлы атындағы ұлт-аспаптар оркестрі Түркештің «Көңілашар» күйімен ашты.

 

 

«Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, ұлағатты ұстаздар, сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді»,-деген кешті жүргізушілер алғашқы мерекелік ән шашуды «Дарын» мектебінің озат ұстаздары: Атамұратова Роза, Әбдіхалық Валентина және № 22 жалпы білім беру орта мектебінің озат ұстаздары:Хамитова Тұрсын,  Тілекбаева Айнұр есімді мұғалімдердің құрметіне арнады. Өнер шашуын шашқан- Бейбіт Дәлденбаевтың «Кездесейік» әнін Самат Құлманов орындады.

 

№ 24 жалпы білім беру орта мектебінің үздік мұғалімдері: Бүркітова Манет, Нұржанова Рима, Басқұдық селосының №9 орта мектебінің озат ұстаздары: Ордабаев Марат, Байтурлиева Клара атты ұстаздардың да құрметіне мерекелік кеште әсем ән қалықтады. Концертте сонымен қатар, Ақмарал Ерімбетова Ілия Жақановтың «Бозқараған» әнін тамылжыта орындап, оркестрдің орындауындағы Құрманғазы Сағырбайұлының «Адай» күйі ұстаздар қауымының мерекелік көңіл-күйін асқақтата түсті. № 21 жалпы білім беру орта мектебінің озат мұғалімдері: Озғанбаева Баян, Каракушикова Райхан, №2 жалпы білім беру мектебінің мұғалімдері: Алиева Гүлзада, Туландиева Ақкенже, №9 жалпы білім беру мектебінің үздік мұғалімдері: Асамидинова Гүлжан есімді ұстаздардың құрметіне филармония әншісі  Сәбит Шектібаев «Анаға арнау» - әнін тарту етті. Шымберген Сүлейменовтің «Мектепке сағыныш» әнімен сахна төріне Мәдениет саласының үздіктері Асқар, Асанәлі Көшеровтер шығып, ән шырқағанда ұстаздар бір желпініп қалды.

 

 

Мерекелік кештегі «Жорға» би тобының орындауындағы «Шолпы» биі және мектеп өміріне қатысты тақырыптағы Игорь Зубковтың «Школьная пора», Александр Злотниктің «Школьный вальс» және Әбілахат Еспаевтың «Ұстазым менің, ұстазым» әндері кеш қонақтарының көңілінен шықты. Концерт барысында балабақша тәрбиешілеріне де құттықтау сөздер арналды. Солардың қатарында №16 балабақшасының үздік тәрбиешілері: Алтынай Саудаева, Жақсыбаева Жамиля, №31 «Еркем-ай» балабақшасының үздік тәрбиешілері: Искалиева Жұмагүл, Жанкулиева Несібелі мен №32 «Ақ шағала» бала-бақшасының үздік тәрбиешілері: Қабдолғалиева Майхан, Есібаева Меруерт және т.б. көптеген бала жанының бағбандарының есімдері аталды.

 

 

Салтанатты кеште Қайрат Салхинов, Бақытжан Қожаевтың орындауында тамылжыта шырқалған «Ұстазыма», Гүлфайруз Баспаева мен Дегдар Жолдасбаев әуелеткен Мұхтар Шахановтың «Гүлдәурен» әні, Асылбек Құрманов пен Нұржанат Бисебаева орындаған «Достар», Бердібек Құлғараев пен Ақмарал Арғынқызы шырқаған Ескендір Хасанғалиевтің «Гүл сезім» әні концертті тамашалаған әрбір жанның балалық шаққа ойша оралып, аяулы ұстаздары мен алтын ұя мектебіне деген сарғайған сағынышын оятқаны сөзсіз. Кәсіби мерекесін тойлаған ұстаздар қауымы өнерпаздардың өздеріне арнаған ән шашуларын ризашылық сезіммен қабылдады. Кештен кейін көпшілік қоғамның ең сыйлы тұлғасы – ұстазға деген құрметі ерекше боп, көтеріңкі көңілмен тарасты.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему