Маңғыстауда «Қазақстандағы Арнайы экономикалық аймақтардың таныстырылымы» атты халықаралық форум өтті
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 02:05
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда «Қазақстандағы Арнайы экономикалық аймақтардың таныстырылымы» атты халықаралық форум өтті

9 Октября 2017 (11:58) | 1400 | Автор: Нурганым Имашева

Ақтауда Еліміздегі Арнайы экономикалық аймақтардың инвестициялық әлеуетінің таныстырылымы өтті. Халықаралық форум «Kazakh Invest» АҚ бастамасымен өткізілді. Ал, оның Ақтауда ұйымдастырлуына «Маңғыстау» кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығы мұрындық болды.

 

 

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жанындағы «Маңғыстау» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының бұл бірінші ретөткізіп отырған шарасы емес.

 

Естеріңізге сала кетейік, былтыр 42 елдің 200 инвесторының басын қосқан инвестициялық форумды да осы «Маңғыстау» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ұйымдастырған еді.

 

 

Биыл да сол үрдісінен жаңылмаған «Маңғыстау» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының мамандары өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқарып шықты. «Маңғыстау» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы директорының міндетін атқарушы Олжас Мусиннің айтуынша, мұндай форумдардың мақсаты – аймаққа шетелдік инвесторларды тарту. 

 

Яғни, Маңғыстауда да инвесторларды тартуға, инвистиция құюға жақсы жобалар бар екенін шетелдіктерге, өз отандастарымызға көрсету болып табылады.

 

 

Сондай-ақ, біздің орталықта инвесторлармен жұмыс жасайтын, инвесторлармен келіссөздер жүргізетін, кәсіпкерлердің жобаларын соларға ұсынатын арнайы бөлім бар. Ол жерде 5 маман жұмыс жасайды.

 

Енді  жоғарыдағы шара туралы қысқаша айта кетсек, Халықаралық форумға Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, «Kazakh Invest» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Біржан Канешев, 12 елден келген инвесторлар және Әзірбайжан, Түркия, Иран, Литва елдерінің консулдары қатысты.

 

 

Форумда Ақтау, Атырау, Шымкент, Алматы, Тараз, Павлодар қалаларының арнайы экономикалық аймақтары (АЭА) таныстырылды.

- Маңғыстау облысы - өндірісімен қатар, сан саласы жедел даму үстіндегі бірден-бір аймақ.

 

Осы форум Қазақстанның жаңа инвестициялық мүмкіндіктерін сіздермен бірлесе саралауға жол ашады деп сенемін, - деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

 

Түркия, Сауд Арабиясы, Малайзия, АҚШ, Венгрия және басқа елдерден келген инвесторлар отандық компаниялармен жұмыс жасауға қызығушылық танытты.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему