Судьялық әдеп кодексінің жөні бөлек
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 20:40
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Судьялық әдеп кодексінің жөні бөлек

6 Октября 2017 (13:32) | 2382 | Автор: Нурганым Имашева

«Батырды жүз әйелдің бірі туса, биді мың әйелдің бірі туады», - деп дана халқымыз би, қазыларын ерекше дәріптесе керек. Ал, бидің мақсаты ақиқаттың ақ жолымен жүріп, әділеттің туын биік ұстау.

 

 

Заңдарды мүлтіксіз орындап, адалдық пен әділдікті ту етіп, моральдық нормаларды жоғары қоятын судьялар корпусын қалыптастыру жолында да елімізде атқарылып жатқан тағылымды шаралар жетерлік.

 

Мәселен, Елбасы ұсынған «100 нақты қадам – Ұлт жоспарының «19 қадамын орындау мақсатында Судьялардың кезектен тыс VII сьезінде судьяның қызметтегі және тұрмыстағы жүріс-тұрысының этикалық нормаларын белгілейтін  Судьялар әдебі кодексінің жаңа жобасы қабылданған еді.

 

2016 жылғы 21 қарашада қабылданған Судьялық әдеп кодекісінің 15-бабында жұмыс істеп жүрген судьялар мен отставкадағы судьялар үшін жүріс-тұрыстың әдеп қағидалары «тайға таңба басқандай» таңбаланған.

 

Аталған маңызды құжатта судьяның біліктілігі, адамгершілік, моральдық бейнесін нығайтуға тиіс екендігі жан-жақты жазылып,  өз қызметі барысында қабылдаған антына берік, қызметінде шынайы, шешім шығару барысында ешкімнің заңсыз «әке», «көке» деп араласуына жол бермеу керек екендігі егжей-тегжейлі баяндалған.

 

 

Судья заң үстемдігін және сот органдарының тәуелсіздігі қағидаттарын қорғауға және жүзеге асыруға тиіс.Әрине, туған-туыссыз адам болмайды.  Алайда, кез келген судья өзіне мемлекет тарапынан жүктел­ген зор жауапкершілікті сезініп, «бармақ басты, көз қыстыға жол бермей», туыс­тық қарым-қатынасты ысырып, істі заң тұрғысынан қарап әділ шешімін шығаруға тиіс.

 

Бұл аталған құжаттың 2-бабында «Судья өзінің кәсіби қызметін атқарған кезде заңға бағынуға және кез келген сырттан ықпал етуге жол бермеуге, кімнен шыққандығына қарамастан қорқытуға, қысым жасау мен құқықтық емес әсерлерге, сот процесіне тікелей немесе жанама араласуға қарсы тұру қажет», - деп көрсетілген.

 

Сонымен қатар, қазыларға  соттан тыс жағдайда да қойылатын талап жоғары. Сот процесіне қатысушылармен процессуалдық емес қарым-қатынастарға жол бермеу, сот барысы туралы сот актісі заңды күшіне енгенге дейін жария етпеу сияқты әрекеттерден бойын аулақ ұстаулары шарт.

 

Сот билігінің беделін түсіруге әкеп соққан және судьяның абыройына нұқсан келтірген осы Кодекстің ережелерін бұзу судьяны заңға сәйкес тәртіптік жазаға тарту үшін негіз болып табылатындығы Судьялық әдеп кодексінің 14-бабында нақты көрсетілген. 

 

«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» айтсақ, жүктелген зор жауапкершілікті абыроймен атқарып, халықтың құқықтарын заң арқылы қорғап, ел қамын ойлайтын, ел азаматы болуға тырысайық.

 

Сүйеуова Гульмира, Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы                               

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему