Облыс тұрғындарының назарына!
5 Октября 2017 (23:09) | 1347 | Автор: Нурганым Имашева
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бастамашылығымен Бас прокуратурада шілде айында азаматтарға Құқық қорғау қызметтерін көрсете-тін орталық ашылған болатын.
Маңғыстау облысының прокуратурасы осындай орталықты, халықтың игілігі үшін біздің облысымызда да ашу мәселесін көтеріп, облыс әкімшілігі-мен өз қолдауын тапты.
Бұл орталық өз жұмысын 5 қазаннан бастайды, мекен-жайы: Ақтау қа-ласы, 35 шағын аудан, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ғимара-ты.
Орталықтың басты мақсаты – «бір терезе» принципі арқылы азаматтар-ға ашық, жариялы түрде көмек көрсетіп, оларды әуре-сарсаңға салмай құқы-ғын жедел түрде қорғау болып табылады.
Аталған орталықта азаматтарға тәжірбиелі прокурорлар құқықтық кө-мек көрсетеді.
Сонымен бірге, азаматтардың мәселелерін уақытылы әрі тиімді шешу үшін бұл орталыққа өзге де заңгер мамандар жұмылдырылды (адвокат, ме-диатор, әділет департаменті, мемлекеттік кірістер департаменті, мемле-кеттік сәулет-құрылысын бақылау басқармасы, пробация қызметкерлері және т.б.).
Құқық қорғау қызметтері орталығының жұмыс тәртібі аптаның жұмыс күндерінде, яғни сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін қызмет көрсетеді.
Осы орталықта біз азаматтардың қойған барлық сауалдарын тыңдап, заң аясында мәселелерін шешуге және заңгерлік кеңес пен көмек көрсетуге дайын екендігімізгеі сендіреміз.
Маңғыстау облысы прокуратурасының
баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему